159
VІ ТАРАУ
Ғибратты әңгімелер
Абдуссамад ибн Мақал жеткізген өсиетнамада: «Уаһб
ибн Мунаббиһтен: «Ей, Абдуллаһтың әкесі! Намаз оқи-тын
екі адамның біреуі құныт дұғасын оқығанда өте ұзақ оқиды.
Ал екіншісі сәждеде ұзақ тұрады. Осылардың қайсысының
деңгейі жоғары? – деп сұралғанда: «Аллаһ алдында шынайы
ықыласпен тұрғанның деңгейі биік болмақ», – деп жауап
қайтарған екен
222
.
Кағб әл-Ахбар: «Егер де біреуіңізге екі рәкат намазың-
ыздың мәртебесінің биіктігін бір зат бейнесінде көру бақыты
бұйырса, оның «Сира» тауынан да биік болғанын көретін
еді. Ал, парыз намаздарының сауабын сөзбен жеткізу мүмкін
емес
223
», – деп, намаз оқуда сауап мол екенін түсіндірген
екен.
Һакам ибн Уяина (р.а.) намазда тұрғанда тек Аллаһты
ғана ойлап, басқа дүниені ұмытатыны соншалықты, тіпті жа-
нында адам бар екенін сезбейді екен. Ол: «Намаз оқып тұрып
оң мен сол жағында кімнің тұрғанын ойлағанның намазы,
222
Әбу Нуғаим- ибн Жаузи, Аллаһ достлары, 2 т. 111,112 б.
223
Әбу Лайс Самарқанди, Танбиһул - ғафилин, 528 б.