165
Қорытынды
Намаз ақырет үйі іспетті, оған кірсең дүниелік
мәселелерден аулақ боласың. Дүниелік еш нәрсе
ойламайсың. Бір кісі жанындағы тақуа бауырына:
«Сен намазда тұрғанда, дүние жайында ойлайсың ба?
– деп сұрайды. Сонда ол: «Намазда және намаздан бос
уақытта да дүние туралы еш ойламаймын», – деп жау-
ап берген екен. Басқа бір риуаятта: «Намаздан басқа
ойлауға тұрарлық не бар дейсің», – делінген. Міне,
сондықтан болар Әбу Дәрда (р.а.) намазға тұрғанда,
намаздан басқа еш нәрсе ойламау үшін: «Білімді кісі
намазды бастағанда, жан дүниесін басқа нәрсе мазала-
мауы үшін намаздан бұрын қажеттіліктерін өтеп алуы
керек»
236
– деген.
Намаз – жүрекпен сезініп, оқылған аяттардың
мағынасына зер салып, Жаратушының ұлылығын ой-
лап, Аллаһ оны көріп тұрғандай сезіммен оқылады.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз оқып тұрып, бір
аятты оқымай тастап кетеді. Намаз біткеннен кейін:
«Не оқыдым?» – деп жанындағылардан сұрайды.
Айналасындағылардың үнсіздігін көргенде, Үбай ибн
Кағбтан (р.а.) сұрайды, ол: «Мына сүрені оқып, мына
аятты тастап кеттіңіз. Бұл аяттың үкімі жойылды ма
жоқ әлде кері қайтарылды ма себебін білмедік?» – деп
жауап береді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, Үбай,
саған сауаптан жазылды» – деді де, қауымға қарап:
«Бұл жамағатқа не болған, намазға келіп, саптарын
236
Имам Ғазали, Ихия улумиддин, 152 б.