Previous Page  161 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 176 Next Page
Page Background

161

Ғибратты әңгімелер

ұзақ уақыт бойы үздіксіз намаз оқитын болған. Кітаптарда

40 жыл бойы құптан намазының дәретімен бамдат намазын

оқығандығы айтылған.

Оны мұндай әрекетке мына бір оқиға итермелеген екен.

Ол бір күні жолда кетіп бара жатады. Жолай бір кісінің: «Мы-

нау құптан намазының дәретімен бамдат намазын оқитын

Әбу Ханифа деген кісі ғой» деген сөзін құлағышалып қалады.

Сосын, осы сөзге лайықты болу үшін және «ол мен тура-

лы жақсы ойлады, мен оның сөзінің өтірік болуына себепші

болмайын»

227

деп, құптан намазының дәретімен таңғы на-

мазын оқитын болған деседі.

Бәкір әл-Абид: «Әбу Ханифаның түнде намаз оқыған

сәтіне көп куә болдым. Намаз оқып тұрғанда өз-өзін ұстай

алмай қос иығы селкілдеп жылайтын. Соңында Аллаһқа жал-

барынып: «Уа, Раббым! Құлдарыңды қайта тірілткен күні

маған мейірімділік қыла гөр! Ақырет күні азабыңнан қорғап,

күнәларымды кешіре гөр!»

228

– деп дұға жасайтын.

Бір күні біреу Имам Ағзам Әбу Ханифаға келіп: «Уа,

имам, мен намазымды шынайы ықыласпен оқи алмаймын.

Намаз оқыған сәтімде түйелерімді шалғынға жаюды, оларға

жақсылап қарауды ойлаймын. Алайда, сіз менен де асқан бай

бола тұрып, құлшылығыңызды қалайша ықыласпен орындай-

сыз?» – деп сұрайды. Сонда оған Имам Ағзам Әбу Ханифа:

«Мен түйелерді жүрегімде емес, өз қорасында қалдырамын»

– деп жауап берген екен.

227

әз-Зәһәби; Манақибу Әбу Ханифа 21 б.

228

Әбу Нуаим – Ибнул Жаузи, Аллаһ достлары, 4т. 290 б.