162
Намаз – діннің діңгегі
Ибн Хармала жеткізген өсиетнамада былай делінген:
Сайд ибн Мусаййабтың күндізгі құлшылығын біз білетінбіз.
Бірде оның түнгі құлшылығы жайлы сұрадық. Ол әр түні
«Сад» сүресін оқитынын айтты. Себебін сұрағанымызда:
«Ансарлықтардың біреуі бір ағаштың түбінде намаз оқығанда
«Сад» сүресін оқиды екен. Сәжде жасағанда ол ағаш та
сәжде жасағанын көреді. Сонда ол ағаш: «Аллаһ тағалам!
Бұл сәждем арқылы менің ауыртпалығымды жеңілдете гөр!
Саған деген шүкіршілігімді арттыр! Дәуіттің (а.с.) сәждесін
қабылдағаның секілді менің де сәждемді қабыл қыла гөр!» –
деп дұға қылған екен»
229
.
Әбу Осман мен Сәлман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде
көлеңкелеп отыр еді. Сәлман (р.а.) қураған бұтақты сынды-
рып алды да жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу
Османға қарап: «Менің неге былай жасап отырғанымды
сұрамайсың ба?» – деді. Ол дереу: «Иә, неге?» – деді.
Сәлман: «Бір күні Аллаһ елшісімен бірге осылайша ағаш
түбінде отыр едік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мен сияқты бір
бұтақты алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған
қарап: «Сәлман, неге бұлай жасап отырғанымды неліктен
сұрамайсың?» – дегенде, мен оның себебін сұрадым. «Бір
мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса мына
түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады» –
деді
де, артынша
:
«(Мұхаммед ғ.с.) күндіздің екі жағында, (таң
мен екінті намазы) түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен
жашайық) намазын толық орында. Шынында жақсылықтар
229
Әбу Нуғаим- ибн Жаузи, «Аллаһ достлары», 2т.181 б.