Previous Page  155 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 176 Next Page
Page Background

155

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

екен. Жастық шағымыздың құмары пейіш азығынан

ғана тоят табады. Дүниелік нәрселерге әсте қанағат

болмайды. Егер осынау пәнидегі жастық шағымызда

дүниелік харам істерге былғанып, шалқып өмір сүрем

деп нәпсіқұмарлыққа салынсақ, мәңгілік бақытты

ғұмырдан айырылып, ақыреттегі мәңгілік өмірімізді

өкінішпен өткіземіз.

Запыраны басым қазіргі заманда бар пәленің бас-

шысы ащы судан татып алып, бір сәт қызбалықпен адам

өлтіріп, қорғансыздарға зорлық-зомбылық көрсетіп,

ұрлық жасап, қаншама жылын түрмеде өткізіп, жазасын

тар қапаста өтеп жатқан жандар қаншама? Сол секілді

жастықтың қызуымен, байлықтың буымен, харам жол-

мен қолы жетіп, бір минуттық көрген ләззаты үшін

ақыреттің мыңдаған жылдық өкінішіне, қабір азабына

ұшырап, өткеніне өкінішпен қарайтын кез келері анық.

Дүрия көрпе жамылып, саф алтыннан соғылған сарайда

ғұмырын өткізіп жатқандар, қарапайым ғана қоңырқай

тіршілік кешкен жандарға шекесінен қарап, ар-ұжданын

аяқасты етіп, адамшылық қасиет танытпай, қоғамдағы

түрлі келеңсіздіктердің тууына себепші болуда. Аллаһ

тағала бұл өмірді құлдарына сынақ етіп берді. Асып-

тасып құдайын ұмытқандар, басына күн туып, айықпас

дертке шалдыққан уақытта бар өмірі дәрігердің қолында

тұрғандай шетел асып ем іздейді. Әсте солар қиналған

шағында Аллаһты бір рет еске алды ма екен?

Мұндайда Шәкәрім атамыздың мына бір өлеңі ойға

оралады:

Өлімнің хақ екенін көрсең де

Өлместей омыраулап шатасың.

Тозақтың барын біліп жүрсең де

Күнәға әлің келсе батасың.