152
Намаз – діннің діңгегі
ды. Жағдай болып жатса, Аллаһпен оңаша қалатын
жеріңіздің айнадай таза болғанына не жетсін, бірақ
көшеде немесе қоғамдық орындарда жүрсеңіз, көзге
көрінетіндей лас болмаса бетонда, тақтайда, топырақта
оқи беруге жол ашық. Егер маңайдан кілем немесе
жайнамазға жарайтындай төсеніш табылмаса пальто-
ны немесе басқа да сырт киімді жерге жайып, соның
үстіне оқуға да болады. Аллаһ разылығын биік қойған
жанға бұл түк те емес.
Маңайыңыздағы адамдар намаз оқымайтын бо-
лып, сіздің намаз оқығаныңызды басқаша қабылдайтын
болса да намазыңызға нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Аллаһтың бұйрығын орындауға ешкім де кедергі
келтірмеуі керек.
«Бүгінге дейін ешкімнің ала жібін аттаған
емеспін. Бастысы, жүрегім таза. Намазды
оқымасам ештеңе етпес?»
Өкініштісі, осындай ойдағылар да бүгінде көптеп
кездеседі. Әрине, бұған Ислам жайлы көп білмегендік
итермелеуде. Алдымен «жүрегім таза» деп бек сену,
өзіне-өзі сенімді болу және намаз оқығандарды
жүректері лас деп білу үлкен қателік. Өйткені дініміз әр
мұсылманға мысқалдай тәкаппарлығы жоқ, қарапайым
болуды бұйырады.
Екіншіден, жүрегінің таза екенін әркім өзі емес,
оны басқа адамдар айтуы керек. Әрине, ешкім өзінің
кемшілігін көре алмайды. Және де Раббымыз намазды
тек жүрегі лас адамдарға бұйырған жоқ, намаз барлық
адамдарға парыз етілді. «Жүрегім таза деген» адам
соны намаз оқып дәлелдесін. Бұрын-соңды адамзаттың
ішіндегі ең жүрегі таза адам хазірет Мұхаммед (с.а.у.)