147
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
жерге төсеуге ыңғайлы. Бұл уақыттарда намаздың па-
рызын ғана оқи салуға да болады. Өйткені бізден негізгі
сұралатын да сол парыз намаздары.
«Ауырып жүргенде оқымай-ақ қойса қайтеді?»
Адам баласы ауру екенмін деп дүниелік істерінен
бас тартқан емес. Өмір бойы жұмыстан қалмаған немесе
кешікпеген адамдар бар. Олар да ауырған шығар, бірақ
болмашы ауруға бола жұмыстарынан жырақтап қалған
емес. Орнынан тұра алмайтындай ауруға дініміз оты-
рып, отырып оқи алмаса жатып, басымен ишарат жасау
арқылы оқуға рұқсат берген. Ал жұмысымызды отырып
болмаса жатып істеуге келмесе де өйтіп-бүйтіп амал-
дап жүріп істейміз ғой. Оның үстіне намаздың алатын
уақыты бес-ақ минут. Егер жуыну ауруды асқындырып
жіберетін болса, тәйәммүм соғып та оқуға болады. Ис-
лам дінінде бұл жағы да назардан тыс қалдырылмаған.
Өйткені Аллаһ тағала адамға көтере алмайтын жүкті
жүктемейді.
«Көбіміздің жұмыс орнымыз рұқсат етпейді»
Қайсымыз жұмыста жиырма төрт сағат отырамыз?
Ешқайсымыз. Жұмыс уақытына намаздың бір-екісі, ары
кетсе үшеуі ғана сай келеді. Бірақ нәпсіміз әйтеуір бір
сылтау табуға құмар-ақ. Түймедей нәрсені түйедей етіп
көрсетуге әуес.
Бесін, екінді, кейде ақшам намаздары жұмыс
уақытына сәйкес келетіні рас. Бірақ бұл мүлде оқи
алмаймын деген сөз емес. Бесінді түскі ас кезінде
оқи аласыз. Екінді мен ақшамның тек қана парызда-
рын оқуыңызға болады. Тіпті намаз оқығанда қысқа
сүрелерді оқып намазды тамамдауға болады.