Previous Page  144 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 176 Next Page
Page Background

144

Намаз – діннің діңгегі

одан бас тарту мүмкін бе? Олай болса, жан саулығының

дәрісі, рухани аштықтың қорегін білген Аллаһ тағала да

бізге күніне бес уақыт намазды парыз қылып, Құранның

70-тен астам жерінде бұны шегелеп тапсырған.

Намаздың ақыреттік пайдасын былай қойғанда,

осы дүниедегі пайдасы да шаш-етектен. Жан-дүниедегі

күйзеліс пен опа бермейтін ашудан, әр түрлі жанды

жегідей жейтін аурудан құтқаруы, ауызбен айтып

жеткізе алмайтын намаздың ерекше қасиеттерінің бірі

ғана.

Психология мамандары мықты наным-сеніммен

қоса дұға арқылы адамның уайым, күйзеліс, үрейленуден

арылуға болатынын анықтаған. Ал бұл үшеуі (уайым,

күйзеліс, үрейлену) денсаулыққа зор зиян туғызып қана

қоймай, адамның қалыпты жүріп-тұруына, қоғамда өзіндік

қызмет атқаруына түрлі кедергілер туғызуы бек мүмкін.

Дэйл Карнеги «Ренішті таста, қалай өмір сүру керектігін

ойла» атты кітабында реніш пен көңілдегі кірбіңді жуып-

шаюдың бір жолын «Бүгін жарты сағатымды тынығуға

арнаймын. Сол уақытта жаратушы Аллаһ жайлы

ойламақпын» деп осы шындықты меңзеген

214

.

Ендеше, намаз адамды жалықтырады деу де ойсыз

айтылған пікір.

«Намазды оқығым-ақ келеді. Бірақ біртүрлі

іштей қалау жоқ, зауқым соқпайды»

Кейбір адамдар намазды оқығанымен, кейде пен-

делікке салынып намазды ауырсынып, орта жолдан

тастап кетіп жатады. Енді кейбіреуі жалқаулықпен на-

маздарын көбірек қаза етіп жатады. Уақыт өте келе на-

мазды осымен доғарамын-ау деген сайтани ой иманның

әлсірей бастағандығын білдіреді. Ондайда уағыз тыңдап,

Құран оқып, жанымызға рухани азық болатын кітаптар

214

С.Сених. Құлшылық құпиясы. 2005. 7 б