Previous Page  139 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 176 Next Page
Page Background

139

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

ауыз жыртады» демекші, құрғақ сөзді созғыламай, әрі-

беріден соң айтарымыз, жарайды, қартайдық, иманы-

мыз артып жайнамазға тұрдық делік. Алайда жастық

ғұмырда желікпен өткен жылдардың есебін қалай

береміз? Аллаһ намаз оқуды қарттарға емес, балиғат

жасына жеткен пендеге бірдей парыз етті емес пе?

Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде ақыретте төрт ауыр

сұрақтың сұралатынын білдіріп «

Жастық шағыңды

немен өткіздің

»

209

деп бірінші сұрақты қояды. Олай

болса бұл сұраққа жауап берудің бірден бір жолы «на-

мазымды орындадым, оразамды тұттым» деп жауап

беру болмақ.

Сондай-ақ Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген хадисте

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Аллаһ тағаланың көлеңкесінен

басқа сағаларға ештеңе табылмайтын қиямет күні

жеті түрлі адамды Аллаһ тағала өз көлеңкесіне па-

налатады. Олар әділ басшы,

жас шағын бір Аллаһқа

құлшылық етумен өткізген жас

, жүрегі «мешіт»

деп соққан мүмін, Аллаһ разылығы үшін бір-бірін

жақсы көріп, Аллаһ үшін бас қосып және Аллаһ үшін

айрылысқан екі дос, сұлу әйел шақырғанда «Жоқ, мен

Аллаһтан қорқамын» деп нәпсісін тізгіндей білген

ер жігіт, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей

қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін

мәрт адам және жалғыз қалғанда Аллаһты есіне

алып көз жасын көл қылған тақуа»

210

деген екен. Олай

болса жастық шақты құлшылықпен өткізіп, ақыретте

Аллаһтың қамқорында болғанға не жетсін?!

Өкінішке орай, қазақтың көбі «намазды оқу

бітіргеннен кейін оқимын», «жақсы жұмысқа орна-

209

Табарани, 5/74; 4710.

210

Бухари, Зекат 6