Previous Page  134 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 176 Next Page
Page Background

134

Намаз – діннің діңгегі

14. Намазға салғырттықтың себептері

Намаз оқымайтын немесе намазға атүсті қарай-

тындар, сондай-ақ намаз оқуға мойны жар бермейтіндер

намаз жайлы сөз еткен уақытта сыныққа сылтау

іздегендей әр-түрлі өзіндік уәждерін алға тартып

жатады. Бүгінгідей бейбіт заманда намаз оқымауға

көлденең себеп іздеудің өзі артық. Шын мәнінде, на-

маз – діннің тірегі деп білсек, намаз оқымау – діннің

тірегіне атүсті қарағанымыз емес пе? Ал, намазға

қатысты айтқан сылтауларымыз, жай ғана нәпсінің

жетегінде жүрген ойлар екенін мойындағанымыз аб-

зал. Енді төмендегі мысалдарға тоқталып, әңгімемізді

одан әрі сабақтайық.

«Аллаһты мейірімді, кешірімді дейді ғой,

Өзі кешірер...»

«Намаз оқымағанымызды Аллаһ өзі кешірер» деп

ойлайтын адамдар, намаз оқымайтындардың алғашқы

легін құрайды. Бұл жұмырбасты пенденің санасына

шайтанның салып берген ойы, әрі алдаусыратуы екені

шындық. Анығында Аллаһ тағала серік қосудан басқа

барлық күнәні кешіреді деп кесіп айтуымыз орынсыз бо-

лар. Ақиқатты танып-білу үшін Аллаһ тағала бізге сана

берді. Өз айтқанымызға байыппен қарап, сәл ойланып

көрдік пе? Бұған Аллаһ тағаланың өзі мына аятымен

жауап беріп отыр

.

«Әй, адам баласы, Раббыларыңнан

қорқыңдар. Ешбір баланың әкеге бодау төлей алмай-

тын және ешбір әкенің өз баласына ештеңе де бере

алмайтын күннен қорқыңдар. Күдіксіз Аллаһтың

уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте