

138
Намаз – діннің діңгегі
амалдарым аз деп Аллаһтың құзырына барудан қорқып,
бұл дүниеде құлшылығын мейлінше толық істеуге
тырысқандардың барар жері жаннат болмақ. Және
Аллаһ тағала Құран кәрімде кейбір сүйген құлдарына
бір емес, екі жаннатты қатар беретінін айтқан. Сол екі
жаннат Құдайдан қорыққан құлдарға ғана бұйырады
екен. Ол
«Аллаһтың құзырынан қорыққандар үшін
екі жаннат беріледі»
207
деген. Олай болса Аллаһтан
қорқып күнәдан тыйылу, ақыреттен қорқып құлшылық
қылу, бос үміттен абзал екені айғақ.
Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһтың
елшісі (с.а.с.):
«Сауылған сүттің желінге қайта
кірмейтіні секілді Аллаһтан қорқып, көз жасын көл
қылған адамның да тозаққа кіруі мүмкін емес....»
208
де-
ген екен.
«Намазды қартайғанда оқысам да
жетпей ме?»
Намазды оқымайтындардың тағы бір айта-
тын уәжі «әлі жаспын» деу. Адам деген қайта ерік-
жігері мол, жалындаған жастық шағында ғибадат пен
құлшылыққа ғашық болмас па еді? Тонның сыртын теріс
айналдырғандай базбіреулер оны керісінше намазға
кедергі көреді. Аллаһтың берген жел ғұмырының өлше-
мін кім біліпті? Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Ғұмыр да-
рия өз ағысымен тоқтамай аға береді. Қартайғанға дейін
осы өмірде сайран салып жүре беретінімізге кім кепіл?
Кім жаналғыш Әзірейілмен келісімшартқа отырып-
ты? Ол заманда, бұ заман зымырай ұшқан хақ өлімнің
жебесі жас-кәрі деп талғап жатпайды. «Құрғақ қасық
207
Рахман, 46.
208
Тирмизи Фадайлу жиһад 8