133
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
еске аламын»
делінген. Яғни, бізді құдіреті шексіз Жа-
ратушымыз бұл дүниеде оның хақтығын әспеттеуімізді
бұйырып, оны орындағандарды махшарда, қыл көпірде,
тозақ отының ұшқындары жауған уақытта еске ала-
тынын айтады. Тепсе темір үзерлік шақта Раббысын
ұмытпай намаз оқығандарды, әл-дәрмені кетіп қартайған
шағында жарылқайтынын айтады.
Аллаһты ұлықтау тек тілмен зікір етумен шек-
телмей, амалдар арқылы да жүзеге асады. Амалы-
мызды еселеген сайын жүрегіміздегі иманымызды да
кемелдендіре түсеміз. Қасиетті Құран кәрімнің өзінде
иманнан кейінгі кезекте намаздың қадір-қасиеті жай-
лы көптеп айтылады. Әрдайым мұсылмандардың бол-
мысын «иман келтірген және ізгі амал істегендер» деп
сипаттаған. Ал, сол ізгі амалдың басында – намаздың
тұрғаны рас. Мұның мәнін Хакім Абай атамыз: «Ақылы
бар адамға иман – парыз, иманы бар адамға ғибадат –
парыз» – деп дөп басып түсіндірген.
Бірде Уаһб ибн Мунаббихтен (р.а.) бір сахаба:
«Лә иләһә иллаллаһ» жаннаттың кілті емес пе?» – деп
сұрайды. Ол болса: «Иә, бірақ кілттің тістері болады.
Сол тістері бар кілт қана есікті ашады. Тістері бол-
маса ашылмайды», – деп Аллаһтың бірлігіне иман
келтіргеннен кейін намаз оқудың парыз екенін атап
өткен
200
.
Имандымын, дінге деген алабөтен ойым жоқ, ние-
тім түзу деп амалсыз жүру имансыздықтың белгісі деуге
болмас, дегенмен пенде сол Аллаһқа деген иманның бар
екенін намаз оқып, ораза ұстау арқылы дәлелдесе, нұр
үстіне нұр болар еді.
200
Бухари, Жаназа, 1.