Previous Page  129 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 176 Next Page
Page Background

129

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

ораза ұстап, шамасы келсе қажылыққа бару – деп

жауап қайтарғаны сол еді, ол:

Айтқаның рас, енді иман деген не? – деп екінші

сұрағын қояды.

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.):

Иман

Аллаһқа, періштелері мен кітаптарына,

пайғамбарларына және ақырет күніне сену – деді.

Жолаушы тағы да:

Айтқаның рас, ихсан деген не? – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

Ихсан – бейнебір Аллаһты көріп тұрғандай

құлшылық етуің. Себебі, сен Оны көрмесең де, шүбәсіз,

Ол сені көріп тұр

193

, – деп жауап береді. Жолаушы кет-

кеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бейтаныс кісінің

сахабаларға дінді үйретуге келген Жәбірейіл (а.с.)

екенін айтып, мәселенің мән-жайын ұғындырған еді.

Бізге Жәбірейілдің (а.с.) хадисі ретінде белгілі бұл

хадистен исламның негізінде иманды қуаттандыратын

амалдар жатқанын аңғарамыз. Бұдан иманды ізгі амал-

дармен, соның ішінде «ихсан» дәрежесінде оқылатын

намазбен бекіту керектігін түсінеміз. Бұл жөнінде

Құран кәрімде «Аср» сүресінде де айтылады. Оның

мағынасына мән берсеңіз, иман етіп, амал қылғандар

мен ақиқатты айтып, сабырлыққа шақырғандардан

өзгелер шығынға һәм қайғыға ұшырайтыны ұқтырылған.

Құранның көптеген жерінде иман мен амалдың бөле-

жаруға келмейтін біртұтас екендігі анық жазылған. Яғни

жүрегін нұрландырған сеніміне сай мұсылманның амалы

да болуы тиіс. Іс-жүзінде амалсыз діннің өміршеңдігіне

ешкім куә болған емес.

193

Муслим, Иман, 1; Әбу Дәуіт, Сүннет, 17; Нәсаи, Иман, 6;

Тирмизи, Иман, 4.