126
Намаз – діннің діңгегі
қалыптасқаны тарихтан мәлім. Мысалы, бізге фиқһ
ғылымында танымал ұлы ғалым Әбу Ханифаның әкесі
біреудің бір алмасын байқамай жеп, соның құнын өтеу
үшін бір қарияның бақшасында үш жыл бойы қалтқысыз
қызмет қылғаны тарихтан белгілі. Демек, Әбу Ханифа
секілді ұлы тұлғаның дүниеге келуіне әкесінің асқан
тақуалығы себепкер болса керек. Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) ең жақын досы Әбу Бәкір (р.а.) өз қызметшісінің
әкеліп берген сүтін ішеді. Сосын, сүттің бал ашып,
біреуді алдап тапқан табыспен келгенін естіген кез-
де, құсып тастайды. Тіпті, Әбу Бәкір (р.а.) сол мезетте
құсу үшін өзін қинағаны сонша, жанындағылар ол кісіге
аяушылықпен қараған. Әбу Бәкір (р.а.) артынан: «Уа,
Аллаһ тағалам! Менің тамырларым мен ішектеріме ха-
рам ас сіңген болса, кешіре гөр»
191
– деп дұға қылады.
Ішкен асына харам араласпауына осыншалықты көңіл
бөлетін сахабалар намаздарын да ықыласпен оқи алған
еді.
2.
Намаз үшін дәрет алу жанымыз бен тәнімізді
тазартады. Ал тазалық болмаса намаз қабыл болмай-
ды. Бұл жайында хадисте «
Намаздың кілті тазалық
»
192
делінген. Дәрет тек тәнімізді ғана емес, сонымен қатар
жан дүниемізді, яғни, күнәларымыздан да тазартады.
Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.): «
Аллаһқа иман келтірген
пенде дәрет алған кезде аузын шайса, сол шайған сумен
тазарады. Мұрнын шайғанда ауызбен келген күнәлары
мұрнындағы, бетін жуғанда, бетіндегі, тіпті көзінің
шетіндегі қателіктеріне дейін шайылып кетеді. Ал егер
қолын жуса, онда қолындағы, тіпті тырнақтарының
астындағы қателіктеріне дейін, басына мәсих тарт-
191
Ихия Улумид-дин: Китабу Асрарис-саләт 387
192
Әбу Дәуіт, Тирмизи.