Previous Page  122 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 176 Next Page
Page Background

122

Намаз – діннің діңгегі

сымен дереу іске кірісті). Елді Құдыс мешітіне жинады.

Мешіт жамағатқа лық толды.

Ол сөзін былай бастады: «Шынында, Аллаһ тағала

маған бес бұйрық тапсырды. Осы бес бұйрықты орын-

дап, сіздерге жеткізуімді бұйырды.

Біріншісі

:

Бір ғана Аллаһқа құлшылық жасап,

Жаратушыға серік қоспау.

Аллаһқа серік қосқандардың кімге ұқсайтынын

білесіздер ме? Бір ауқатты адам өзінің мал-мүлкіне

қарау үшін бір қызметші жалдады делік. Оған: «Мы-

нау менің үйім, мынадай міндеттерді орындауға

тиістісің» – дейді. Қызметші құп алып, өз жұмысына

кіріседі. Қожайынның тамағын жейді, суын ішеді,

берген киімдерін киеді, соның үйінде тұрады. Уақыт

өте келе жұмысқа келгенде енжарлық танытып, істің

аяғын ақсата бастайды. Өзі тұратын үйді, жұмсалып

жатқан ақшаның кімдікі екенін ұмытып, сый-құрметті

қожайынға емес, басқаларға көрсетуді шығарады. Тіпті,

қожайыны есінен шығып, басқалардың алдында құрақ

ұшатын болады. Үйіңде тұрып, асын ішіп, төсегін

тілетін, өз қожайынын танымайтын, алғысын басқаларға

бағыштайтын қызметшіні ешкімнің де қаламасы анық.

Қарамағындағы қызметкер жұмысын дұрыс атқармаса,

бастық оны орнынан қуып, жалақысын тоқтатып тастай-

ды. Өйткені, өзіне бағынбағанды қаламайды. Басқаларға

жасалған сый-құрметтің өзіне жасалмағандығына на-

лиды.

Адам екеш адам міне осындай. Ал енді күллі

ғаламның жаратушысы Аллаһ тағала өзіне, жаратқан

құлының бағынбағанын, алғысын басқаға білдіргенін

құптай ма? Алайда, Аллаһтың мейірімінің молдығы

соншалықты өзін танымаған, рахметін білдірмеген,