121
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
намазды жағымды амал ретінде көрсете алды ма?
Ең маңыздысы – осы» – деп, ең бастысы, балаға на-
мазды сүйдіре білу екендігін білдірген. Олай бол-
са, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәрбиелеген мүбәрак
ұрпақтарының мінез-құлықтарынан үлгі алып, балала-
рымызды тәрбиелейік. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Жеті
жасқа келгенде балаларыңа намаз оқуды бұйырыңдар.
Ал, он жасқа келгенде (намаз оқымаса) оларды ұрыңдар.
Әрі олардың (осы он жастан бастап) төсектерін бөлек
салыңдар
»
188
, – деп, балаға жеті жаста намаз үйретіп,
он жасында намаздың маңызды құлшылық екендігін
түсіндіріп, тәрбиелеу керек екендігін айтқан.
11. «Яхьяның (а.с.) бес міндеті» деген не?
Хайри әл-Ашғариден (р.а.) Имам Ахмад
пен Тирмизидің риуаят еткен хадисінде ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Аллаһ тағала
(Закарияның (р.а.) баласы) Яхияға (р.а.) бес бұйрық
берді: Осы бес бұйрықты орындауды және Исрайл
ұрпақтарына осы бес бұйрықты жеткізіп орындаула-
рын талап етуді тапсырды. Яхия (р.а.) бұл тапсырма-
ны кешіктіре жаздаған еді. Осы сәтте Иса (а.с.) өзінің
атқаруы керек міндетті ескеріп, Яхияға (р.а.): «Аллаһ
тағала саған бес бұйрық орындауыңды және осы бес
бұйрықты Исрайл ұрпақтарына жеткізуді бұйырды.
Бұл міндетті орындауға шамаң жете ме? Жоқ, әлде бұл
міндетті мен қолыма алайын ба?» – деп сұрады.
Яһия (р.а.): «Сен бұл істі менен гөрі тезірек орын-
дайтын секілдісің. Осы міндетті тиісінше атқара алмай,
азапқа ұшыраудан қорқамын» – деді. (Осыны айта салы-
188
Әбу Дәуіт, Сунән 495.