124
Намаз – діннің діңгегі
Зекет пен садақа адамды ақыреттегі қиыншы-
лықтардан, ауыр жазалардан құтқарады, оның жаннатқа
кіруіне жол ашады. Бұл мына мысалға ұқсас. Бір адамды
дұшпандары қолға түсіріп, қолдарын артына қайыра
байлап, басын кесу үшін ашық алаңға алып келеді.
Дәл осы сәтте біреу: «Бұл адамды еркіне қоя беріңдер!
Қарызы болса қайтарып, жазасы болса құнын төлеймін»
– деп ажалдан құтқарып алады.
Міне сол сияқты зекет, садақа да ақыреттегі ең
қиын сәтте араша түседі.
Бесіншісі:
Аллаһ сіздерге Өзін зікір етуді
бұйырды.
Әрдайым Аллаһты есінен шығармаған адамды
басқа ойлар мазалай алмайды. Оған ештеңе де зиян
бере алмайды. Өйткені Аллаһты зікір ететін иманды
құл мықты қорғанның ішіне кіргендей, дұшпанының
жамандығынан құтылады.
Алайда Аллаһпен бірге болып, оны тілінен, ойынан
шығармаған адамды шайтан аңдумен болады. Әрдайым
оның осал тұсын іздеп, құрығына ілігер сәтін күтеді.
Дөп келсе, дереу күнәлі істерге жетелейді. Тіпті, оны
имансыз, дінсіз, құлшылықсыз ету үшін адасушылыққа
итермелейді.
Мұндай кесапатты дұшпанның жаманшылығынан
құтылғысы келген құл Аллаһтың зікірімен мықты
қамалдың ішіне кіреді. Аллаһпен бірге болады. Тілін
Аллаһ деуге бұйырады. Жүрегін қорғау үшін ол жүректі
шынайы иесіне тапсырады.