119
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
қарай сауабы) дегендей, түрлі материалдық және ру-
хани табыстардың шығын мен қиыншылықты қажет
ететінін ұмытпайық. Бұл – Аллаһтың заңдылығы.
Пенде келешегі үшін қаншалықты ауыр жүк көтерсе,
Аллаһ та оның дәрежесін соншалықты жоғарылатып,
жақсылыққа кенелтеді. Бұған байланысты бір ха-
дис шәріпте, нәпсіге ауыр тиетін бамдат намазын
жамағатпен оқу арқылы, көңілдің даналық нұрына
бөленетіні айтылған.
Сондықтан, нәпсіге ең ауыр
тиетін бамдат намазын жамағатпен оқыған адам басқа
намаздарды да жамағатпен оқуға қайраттанатыны
сөзсіз. Және Аллаһтан қорқу – пенденің намазға деген
ықыласын арттырып, түрлі ауыртпашылықтарға төтеп
беруге көмектеседі. Құран кәрімде Аллаһ тағала «
На-
маз тек Аллаһтан қорыққандарға ғана ауыр тимейді
»
деген.
10. Балаға қанша жастан бастап намаз
үйрету керек?
Бұл орайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мейіріміне
бөленіп, ерекше дұғасымен өскен жас балалар Хасан
(р.а.) мен Хұсейінді (р.а.) мысалға алғанымыз орын-
ды.
Бір күні пайғамбарымыз жамағатпен намаз оқып жа-
тып сәждеге барады. Сәждеде ұзақ тұрғаны соншалықты,
жамағат не болғанын білмей, қатты қобалжиды. «Сірә
бізге белгісіз бір жайт болды немесе уахи келді» – деп
ойлайды. Бір уақытта сәждеден басын көтеріп, нама-
зын ары қарай жалғастырды. Сахабалар намаз оқып
біткеннен соң Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сәждеде ұзақ
тұруының себебін сұрайды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Мен сәжде жасағанда, Хусейн (р.а.) үстіме мініп алды.