115
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
ды «тек қана құлшылық қылсын» деп жараттым»
176
дегеніне жауап қатып, бұйрығын орындайды.
Үстімізге ілген киімнің сәжде мен рүкүғда то-
зуы, маңдайға топырақ жұғуы тәкаппарланудан
айықтырады. Сол себепті бас иеміз. Мұның бәрі
денеміздің һәм дүниеміздің садақасы іспетті. Осындай
кішіпейілдікке мойынбұрғызбас нәпсімізді тізерлете-
тін намазды ғибадаттың ең ұлысы һәм қасиеттісі десек
қателеспейміз.
Сондықтан болса керек Имам Ғазали «Ихия улумид-
дин» кітабында: «Аллаһ тағалаға ең сүйікті амал – на-
маз. Мәңгілік рүкүғта, сәждеде, қиямда тұрып немесе
әт-тәһиятта отырып, ғибадатын үздіксіз жалғастыратын
періштелер бар. Егер намаздан басқа Аллаһқа ұнамды
құлшылық болғанда, періштелерге сол құлшылықты
істетер еді»
177
, – деген.
Намаз жүректерге рухани азық құйып, иманын
арттырады. Намаз әрдайым адамның қайдан келгенін,
қайда баратынын және бұл дүниеден ақыретке оралғанға
дейінгі аралықта не істеу керектігін ескертіп отыра-
ды.
Намаз үнемі ақыретті ескертеді. Күніне жоқ де-
генде қырық мәрте «Фатиха» сүресіндегі «
Малики
иаумиддин
» (ақырет күнінің иесі) деген аятты айтып,
ақыретті және оның иесін, Аллаһты есімізге аламыз.
Ақырет күні есеп беріп, істеген жақсылық немесе
жамандығымыздың қарымын беретін Аллаһ екенін
ескереміз. «Бүкіл өмірімнің есебін сұрайтын да – Аллаһ.
Бес минуттық намаз жамандықты тежейді. Өйткені ол
«
Малики иаумиддин
(ақырет күнінің иесі)» – деп, ар-
176
Зарият, 56
177
әл-Ғазали, Иһия улумиддин, Китаб асрару - саләт; 131 б.