Previous Page  110 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 176 Next Page
Page Background

110

Намаз – діннің діңгегі

рап, кәпірге айналуы да мүмкін. Егер олар науқастанып,

намаздарын тастап қайтыс болатын болса, ақыретте

Аллаһ тағаланың қаһарына ұшырайды».

Содан кейін Ібіліс: «Уа, Мұхаммед, егер жалған

айтсам, Аллаһ мені күлге айналдырсын», – деді де,

әңгімесінің тиегін ары қарай ағытты: «...Уа, Мұхаммед,

үмбетіңе көңілің тола ма? Мен олардың алтыда бірін

діннен шығардым». Аллаһ елшісі тақырыпты басқа

арнаға бұрып:

– Сені кім қуанышқа бөлейді? – деп сұрады.

Ібіліс:

– Намаздарын әдейі, біле тұра оқымағандар. Менің

Атәмә есімді бір балам бар. Бір мұсылман құптан на-

мазын оқымастап ұйықтайтын болса, әлгі балам оның

құлағына барып кіші дәрет сындырады. Егер адамдар

намаздарын оқымай жатпаса, ол бұлай жасамас еді

171

деді.

Міне көрдіңіздер ме, шайтан – адамның қас

дұшпаны. Оның өрмекшінің ауындай құрған сансыз

тұзағынан аман құтылу оңай шаруа емес. Ендеше,

шайтанның азғыруынан, барша сайтани істерден Аллаһ

сақтасын.

7. Намаз адамды жамандықтан тыя ма?

Кейбір кісілер намазхан болса да, күнәлі істерге бой

алдырып, мұсылманға жат қылықтарды істеуі мүмкін.

Өйткені, ол көбіне намаз оқумен ғана шектеледі. Тіпті

кейде сол намаздың өзін амалсыздан жасағандай,

жалқаулықпен, көңілсіз орындайды. Намаз оқығанымен,

ішкі жан дүниесі, құлшылықтың мәнін терең ұғынуға

асықпайды. Оның ұйқылы-ояу есінеп, керіліп оқыған

171

Әбу Ләйс Самарқанди, Танбихул-ғафилин 365-366 б.