Previous Page  108 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 176 Next Page
Page Background

108

Намаз – діннің діңгегі

уақытта сырттан бір дыбыс естілді: «Ей, үй иелері!

Үйге кіруіме рұқсат етіңдер! Сендерге айтпағым бар»,

– деді. Осы сәтте барлығымыз не дер екен дегендей

Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарап қалдық. Пайғамбарымыз

(с.а.с.): «Бұл келген кім, білесіздер ме?» – деп сұрады.

Біз: «Аллаһ пен елшісі ғана біледі», – дедік.

Аллаһ елшісі: «Ол қарғыс атқыр Ібіліс» – деді де,

ішке кірген Ібіліске сұрақтар қоя бастады:

– Үмбетім намазға тұрған сәтте, қандай күй

кешесің?

– Уа, Мұхаммед, ол сәтте қатты ыстықтан денем

дірілдеп кетеді.

– Неліктен мұндай күйге түсесің?

– Өйткені, Аллаһ үшін сәжде жасаған пенденің

дәрежесі бір сүйем көтеріледі. Уа, Мұхаммед! Саған

мұсылманға намаз оқытпау үшін қандай айла-

шарғыларға баратынымды айтайын... Мүмін намазға

тұруға ыңғайланған сәтте оны азғырып: «Әлі уақыт бар

ғой, оның үстіне қолың да бос емес, сен әуелі тірлігіңді

бітір. Намазды кейін оқырсың», – деймін. Осыған

арбалған сенің үмбетің намаз уақыты шыққаннан

кейін намазын кешіктіріп оқиды. Оның осы ісі үшін

ақыретте күнәсі бетіне басылады. Егер ол пенде мені

жеңіп кетсе, ол адамға адамдардың арасындағы шайтан-

ды (жамандыққа итермелейтін адамды) жіберемін. Осы-

лайша, намазын кешіктіріп оқуына себепкер боламын.

Егер ол пенде бұл жолы да менен құтылып намаз оқыса,

намаз оқып жатқанда, «оңға қара», «солға қара», деп

қайталаумен боламын. Оның назары жан-жаққа ауып,

намазын ықыласпен оқи алмай қалады. Мен осы сәтте

жүзін сипалап, маңдайынан сүйіп, тыныштығын бұзып,

мазасыздандырамын. Уа, Мұхаммед, өзің де жақсы