Previous Page  104 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 176 Next Page
Page Background

104

Намаз – діннің діңгегі

имансыз өтіп кету қаупі бар. Сондықтан күнделікті бес

уақыт намазын шынайы ықыласпен оқып, Аллаһқа құл

бола білу мұсылманның осы дүниедегі міндеті.

5. Намаз оқып жүріп арақ ішу күнә ма?

Исламда тыйым салынған харам амалдардың бірі

– арақ ішу. Сауапты іс пен күнәні біріктіру – иманның

әлсіздігінен, нәпсінің дегеніне ергеннен. Шынайы

мұсылман адам Аллаһтың харам деген нәрсесіне

мүлдем жақындамайды. Арақтың харам екеніне ешкім

күмәнмен қарап, шүбә келтірмейді, себебі оның харам

екені Құран мен хадистерде нақты айтылған.

Аллаһ тағала Құран кәрімде арақтың харамдығы

жайында:

«Әй, мүміндер! Арақ, құмар, пұттар және

бал ашатын оқтар лас, шайтанның істері. Одан

сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен шайтан мен

арақ, құмар ойын араларыңа от салып, дұшпандық

туғызады, Аллаһты еске алудан және намаздан

мақұрым қалдырады. Сонда да тыйылмайсыңдар ма?»

167

– деген.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) «

Кімде-кім арақ ішетін бол-

са, қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе

қылса, Аллаһ тәубесін қабыл қылады. Ал егер қайта

ішсе,тағы да қырық күндік намазы қабыл болмайды,

Тәубе қылса, Аллаһ тағала тәубесін қабыл алады. Ал

егер тағы қайталаса, қырық күндік намазы қабыл бол-

майды, тәубеге келсе, Аллаһ қайтадан тәубесін қабыл

алады. Төртінші мәрте қайталайтын болса, Аллаһ

оның қырық күндік намазын да, тәубесін де қабыл ал-

майды. Ең соңында оған «хабал» өзенінің суын ішкізеді

»

– дейді. Сонда жанындағы сахабалар: «

«Хабал»

өзені

167

Маида, 89, 90.