100
Намаз – діннің діңгегі
жаһанды жалпағынан жайласа да мауқы бір басылмай,
көңілі әлдебір әлемді аңсайды да тұрады. Рух атаулы
асыл Иесіне, мәңгілік мекеніне жетпейінше бір сәтке
болсын тыным таппайды. Өйткені рух мәңгілік үшін
жаратылған және мәңгілікке жету арқылы ғана ты-
нышталады. Құранның өзінде
«Мұқият біліп алыңдар,
жүрек Аллаһты еске алғанда ғана тыныштық таба-
ды»
делінген. Дүниелік күйбең тіршіліктен жанымызды
арашалағымыз келсе, Аллаһты күніне бес мәрте еске
алып, құлшылық жасап, рухани тояттауымыз керек.
Құлшылық бізді уайым-қайғыдан, мұң-мұқтаждықтан
және жүректі қобалжытар мазасыздықтан құтқарады.
Намаз – рухымызға, жүрегімізге, ақылымызға
тыныштық сыйлайды. Ол жанға ауыртпалығын
тигізетіндей ауыр іс емес. Тіпті намаз оқыған адамның
ішіп-жегені, бала-шағасын асырауы секілді дүниелік
істері де ғибадатқа баланып, сауап жазылады. Осы-
лайша көзді ашып-жұмғанша сынаптай сырғып өте
шығатын қамшының сабындай келте ғұмырын, тоқтауы
жоқ мәңгілік өмірге айырбастайды.
Намаз – рухты тынықтырып, ар-ожданымызға
тыныштық сыйлайды. Әркімнің өзінің сүйікті ісі бо-
лады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз уақыты кірген сәтте
барлық нәрсені естен шығаратын. Намазға құмар еді.
«Намаз – менің көзімнің нұры» дейтін. Өмірдің мәні
намазбен айшықталатынын осылай ескерткен. Біздің
жаннатқа кірердегі қуанышымызды Пайғамбарымыз
(с.а.с.) намазды бастағанда сезінетін еді. Бір намаздан
кейінгі екінші намазды құштарлықпен тағатсыздана
күтетін.
5. Күнәдан қорғана алмайды. Аллаһ тағала Құран
кәрімде:
«Намаз оқы. Шын мәнінде намаз адамды