Previous Page  102 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 176 Next Page
Page Background

102

Намаз – діннің діңгегі

Намаз – құл мен Аллаһтың арасын байланысты-

ратын құлшылық. Ешбір технология сымсыз әсте іске

жарамайтыны секілді намазсыз Аллаһпен байланы-

сы болмаған адам да қараңғы қапаста қамалып, ру-

хани азығын таба алмай әлсірейді. Жоғарыдағы аят-

та да үмбеттің азғындауына басты себеп – намазға

немқұрайлы қарау екені айтылған. Өйткені, діннің

тірегіне, мұсылманның миғражына баланған намаз-

ды оқымаған жан діннің басқа да міндеттеріне селқос

қарап, күнә жасауға бейім болады. Осылайша намазсыз

пенде мойнына күнәнің қамытын іліп, өзіне қиянат жа-

сайды.

Аятта сонымен қатар нәпсіге еріп, дүниенің ал-

дамшы қызықтары мен күйбең тіршілігіне салынып,

ойын-сауыққа беріліп намаздарын орындамағандардың

ақыреттегі азабының қандай қиын болатыны айтылған.

Аллаһ елшісі (с.а.с.)

«Қиямет күні адам алғаш болып

парыз намаздары үшін есепке тартылады

»

159

– деген.

Намаздың әрбір мұсылманға парыз екенін біле тұра

жалқаулықпен ғибадатын орындамаған жан күнәһарлар

мен пасықтардың сапында болады. Ал намаздың па-

рыз екенін мойындамаған жанның мұсылман болуы

мүмкін емес. Өйткені намаздың парыз екенін Аллаһ

елшісі (с.а.с.) сөзімен де, ісімен де дәлелдеген

160

.

Мына хадистер де намаз оқымаудың үлкен күнә

екенін айшықтай түседі: «

Әдейі намазды тастаған

адамға Аллаһ пен Пайғамбардың көмегі болмайды»

161

,

– десе, намаз оқыған пенде жайында хадисте

: «Үздіксіз

159

Тирмизи, Мауақит 188.

160

Абдул - хамид Махмуд Таһмаз; Фиқһул - Ханафи фи саубил-

жадид 1/173

161

Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Саләт, 15.