Previous Page  101 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 176 Next Page
Page Background

101

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

арсыздық пен жамандықтан тыяды. Аллаһты на-

мазбен еске алу – ең мәртебелі құлшылық. Аллаһ

барлық істеріңізді білуші»

(Анкабут 45) – делінген.

Шындығында, шынайы ықыласпен оқылған намаз

иесін жамандықтан қызғыштай қоритын періште

секілді. Жақсылыққа жол сілтеп, жамандыққа қарсы

қорған болады. Әрине, намазымыз шын ықыласпен

оқылғанда ғана осы дәрежеге жетеміз. Тағы бір ескере

кететін нәрсе, құлшылық ету кісінің сенімін нығайтудың

бірден-бір жолы.

Адам баласы ғылыми зерттеулерге сүйеніп

Аллаһтың бар екеніне сенуі мүмкін. Бірақ бұл тек

теориялық иман болып саналады. Оның шынайы иманға

ұласуы үшін иман дәрежесін биіктетіп құлшылық жаса-

уы, амал қылуы қажет. Ал, құлшылығы жоқ, ғибадаттың

мәнін тереңінен сезіне алмаған құлдың тура жолдан

сүрініп адасуы әбден мүмкін.

«Аллаһтың барлығына сенемін, бірақ арақ ішемін»

немесе «намаз оқи алмаймын» деген секілді сөздерді же-

леу еткендер – нәпсіні жеңе алмағандар. Олардың има-

нына кепіл болатын еш себеп жоқ. Мұндай құлдардың

айтқан сөздері рас болса, имандарын амалдарымен рас-

тар еді. Құлшылықтарымен Аллаһ тағалаға жақындап,

шынайы мағынада иман келтіріп, тәубасына келер

еді.

4. Намаз оқымау күнә ма?

Бес уақыт намазды оқымау – үлкен күнә. На-

маз оқымағандардың жазасы жайлы Құран кәрімде:

«Пайғамбарлардан кейін намазды қойып, нәпсілеріне

ергендер келеді. Олар адасқандары үшін сазайын

тартады»

158

делінген.

158

Мәриям, 59.