103
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
намаз оқыған жанға қиямет күні (қараңғылықта) нұр,
(туралыққа) дәлел және (азаптан) құтқарушы болып
келеді. Намазын оқымаған жанның нұры, дәлелі және
құтқарушысы болмайды. Ол адам қиямет
күні Харун,
Перғауын, Һаман және Үбей ибн Халафтармен бірге
болады
»
162
– делінген.
Бұл хадистерден намазды қасақана тастап кету
адамды діннен шығаратынын көреміз. Бірақ ислам
ғалымдары намаздың парыз екенін мойындамағанда
ғана діннен шығатынын айтады. Өйткені «шаһадат»
сөзін айтқан пенденің тозақ отында мәңгілік күймейтіні
жайлы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисі бар. Ол
жерде: «
Аллаһтан басқа Құдай жоқтығына иланып,
Аллаһтан басқаға құлшылық жасамаса, оның малы
мен жаны басқалар үшін харам болады, ешкім тиісе
алмайды. Құпия істері болса Аллаһқа қалады»
163
, –
деп
айтқан. Тағы бір хадисінде:
«Ләә иләһә иллаллаһ» деген
адамның жүрегінде бір арпаның дәніндей иман болса
да, тозақтан шығады
»
164
– деген.
Үлкен күнә істеген (ішімдік ішу, зина жасау т.с.с.)
адамда арпаның дәніндей иман болса, діннен шықпайды.
Егер бұл адам тәубесіне келе алмай о дүниеге аттанса,
Аллаһ қалауымен кешірім беріледі немесе күнәсіне
қарай жазасын өтеп, ақырында жаннатқа кіреді.
Намазды тәрк еткендер күнәлардан қорғана алмай-
ды
165
. Жасаған әрбір күнәлары жүректерін қарайтады
166
және діннен алыстауына себеп болады. Тіпті өмірден
162
Муснад 2, 169.
163
Мүслім, Иман 37.
164
Бухари, Таухид, 36; Муслим, Иман 32 6.
165
Анкабут 29/43.
166
Мутаффифин 83/14.