Previous Page  106 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 176 Next Page
Page Background

106

Намаз – діннің діңгегі

Намаз оқып жүріп арақ ішу мына мысалға

ұқсайды: «Бір адам үй салу үшін үйдің іргетасын қалап,

қабырғасын өрсе, бірақ бөлмелердің еденін төсемесе,

үй толық болмайды». Арақ ішкен немесе харам астың

дәмін татқан адам да дәрет алып, намаз оқыса, парыз

міндетін орындаған болады. Бірақ біз айтқан үйдің едені

кем болғаны секілді, Аллаһтың назарында намаздан

алатын мол сауабы кеми түседі.

Алайда, қырық күн бойы сол күнәлі іске қайта бар-

маса, ол ішкі тақуалығын қайта тауып, намазын толық

өтей алады. Күнәдан күнә туатыны секілді, сауапты

істер де тақуалықты арттырады. Арақ ішу намаздың

қадір-қасиетін кемітсе, намазды шынайы ықыласпен

оқу адамды жаманшылықтан тыйып, сауап жинаумен

қатар ізгі мақсаттарға ұмтылдырады.

6. Шайтан намазға әсер ете ала ма?

Шайтандардың болмыстары мен міндеттері әр

түрлі. Аят пен хадистерде кейбір шайтандардың

адамның қанында жүретіні, ал кейбіреулерінің дәрет

алғанда немесе намаз оқып жатқанда азғыратыны жай-

лы айтылады.

Намазға кедергі келтіргісі келетін шайтандар азан

шақырылған сәтте қаша жөнеледі екен. Жамағат намазға

тұрып жатқанда, қайта келеді. Қаматты естіп қайтадан

қашады. Жамағат намазға тұрғанда, шайтандар олардың

есіне қай-қайдағы жайтты салып, құлшылықтарын

ықыласпен орындауына кедергі жасайды.

Әрине, шайтанның кедергісіне тосқауыл қоюға

болады. Мұны мына мысал арқылы түсіндіре аламыз.

Кейбір микробтар ауадағы тозаңдар арқылы тарайды.

Сондықтан қазіргі ауруханаларда сол микробтарға