109
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
білесің. Намазда пенде жан-жағына алақтап қарай бер-
се, оның намазын Аллаһтың қабыл етуі екіталай. Егер
бұл жолы да құрған торымнан сытылып шығып кетсе,
жалғыз өзі намаз оқығанда жанына барып: «Намазыңды
жылдамырақ оқы», – деймін. Ол дән шоқыған қораздай
маңдайын сәждеге асығыс-үсігіс тигізіп намазын оқиды.
Егер мұныма бойсұнбаса, жамағатпен намаз оқыған
сәтінде, оның басын ауыздықтап, имамнан бұрын
сәждеге жығылуға, тезірек рүкүғқа баруға итермелеймін.
Осы жасаған амалы үшін олардың басын қиямет күні
Аллаһ тағала есектің басына айналдырады.
Ол пенде бұл жолы да, уысыма түспей мені жеңсе,
намазда саусақтарын сықырлатуға қызықтырамын.
Осыны намаз оқып тұрғанда істесе, маған тәспих
жасағандармен бірге болады. Егер бұл жолы да одан ай-
ламды асыра алмасам, намаз оқып жатқанда мұрнының
астынан үрлеймін. Осы үрлеген демім оны есінетеді. Ол
есінеп, қолымен аузын жаппаса, оның ішіне кішкентай
шайтан еніп, дүниеге деген ашкөздігін оятады. Сосын
ол құлақкесті құл секілді біздің айтқанымызға еріп,
айдағанымызға көнетін болады.
Ібіліс мұнымен тоқтамай әңгімесін ары қарай
жалғай түсті: «Мен оларға әртүрлі қақпан құрамын.
Кедейлер, әлсіздер мен мүсәпірлерге барып, намаз
оқымау керектігін айтамын. Оларға: «Намаз сіздерге
емес, Аллаһтың денсаулық пен байлық берген пенделері
үшін парыз» – деймін. Бұдан кейін ауру науқастарға
барамын: «Намаз оқуды таста! Өйткені, Аллаһ тағала:
«Науқастарға зорлық жоқ»
(«Нұр» 61) – деген аятты
оқып, «науқастан айыққаннан кейін оқырсың» – деп
құлақ етін жеп азғырамын. Олар осыған иланып намаз
оқуға асыға қоймайды. Тіпті, намаздан толыққанды ажы-