Previous Page  107 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 176 Next Page
Page Background

107

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

жол бермеу үшін тазалық қатты қадағалануда. Дәл сол

секілді шайтандар да адамдардың санасын, азғыруға

тырысады. Егер адам дұға оқып, діннің үкімдерін толық

орындап, уәсуасаның жолын жауып тастаса, кедергіге

барынша тосқауыл жасайды.

Тіпті, ықыласпен жасалған сәжденің шайтан-

ды жақындатпауға жеткілікті күші бар. Құл сәждеге

жығылғанда, шайтанның (оған Аллаһтың лағынеті жау-

сын):

«Ол сәжде жасап құтылды, мен сәжде жасамай

тұтылдым» –

деп қынжылатынын Пайғамбарымыз

(с.а.с.) айтқан. Иә, Адам ата сәждеге басын қоя білді.

Ал Ібіліс тәкаппарланып, сәжде қылмай, Аллаһтың

қарғысына ұшырады.

Бізді шайтандардан қорғайтын періштелер де бар.

Алайда, олардың бізді қорғауына лайық ғибадатымыз

болуы қажет. Егер періштелер бізді қорғау үшін

салмақтылық, ықылас, әдептілік, шынайылықты талап

етсе, біз осыларды орындауымыз керек. «

Жаннатта

сізбен бірге болғым келеді

» – деген сахабаға Аллаһ

елшісі: «

Көп сәжде жасап маған көмектес

»

170

, – де-

ген. Ендеше, періштелердің қорғауына, Аллаһ елшісінің

ақыретте шапағатшы болуына шынайы амалымызбен

көмектесуіміз қажет. Сонда ғана шайтандардың ауылы

бізден аулақ болмақ.

Ібіліс адам баласын алдап-арбап, азғырудан

ешқашан жалықпайды. Ибн Аббастың (р.а.) жеткізген

хадисінде: «Бір күні Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бәріміз

бірге ансарлық бір сахабаның үйіне кешқұрым жинал-

ған едік. Жамағат болып Пайғамбарымыздың (с.а.с)

уағызын ұйып тыңдап отырған болатынбыз. Әлден

170

Муслим, Иһия Улумиддин, әл-Ғазали; Китабул - асрарис

саләт, 133 б.