105
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
деген не?» – деп сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Ол
тозақтан аққан іріңді өзен
»
168
– деп түсіндіреді.
Ит ішпейтін ащы, бар пәлеге басшы арақ екені
көпке мәлім. «Шылым шегу сіздің денсаулығыңызға
өте зиянды» деген жазуды темекінің қорабынан оқи
тұрып темекі шегетіндер сияқты арақтың қаншалықты
зиян екенін біле тұра кей адамдар ішуге құмартып
тұрады. Әрине, бұл нәпсінің қалауы. Таудай күнәні
тәубе ғана жуып-шая алады. Аллаһ тағала құлдың
тәубесін әрдайым қабыл алады. Бұл жайында Құранда
«Шура» сүресінің 25-аятында «
Аллаһ, құлдарының
тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді. Әрі
не істегендеріңді біледі
» деген. Олай болса, хадисте
«төртінші мәрте тәубеге келгеннің тәубесін қабыл ал-
майды» деген сөздің мағынасы ол Аллаһ тағаланың өте
қатты, ашулы ескерту жасағаны деп түсіндірген
169
.
Демек, арақ ішкен адам күнделікті намазынан алып
жүрген рухани нәрді қырық күн бойы ала алмайды де-
ген сөз. Ішкен арағының ащы уыты бойына сіңгені
сонша, оның әсері қырық күн бойы сақталуы, пенденің
пешенесіне жазылған ризық-несібеден, намаздың мол
сауабынан құр қалдырады. Арақ ішкеннің намазы қабыл
болмауы жөнінде бұрынғы ғалымдар намаз өзінің
шынайылығын, қадір-қасиетін жоғалтып, тек еңкею
мен иілуден тұратын құр қимыл болып қалатындығын
айтқан. Сондықтан арақ ішуші шынайы пейілімен
намазға деген ынтық ықыласынан айырылып, қырық
күн бойғы игіліктен мақұрым қалады. Арақ оны барлық
жақсы тақуалық қасиеттерінен ажыратады.
168
Кәнзул уммал 13203. Тирмизи Китабул - ашриба 1862-хадис
169
Фатауы, Шабакатул - исламия 43141