Previous Page  111 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 176 Next Page
Page Background

111

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

намазы Аллаһ алдында тұрғанын елестетуге, Хақтың

ғаламаттығын ойлауға, оған деген сүйіспеншілікті

сезінуге мұрсат бермейді. Тек дене тәрбиесімен

шұғылданған спортшының кейпі секілді. Дәл осылай

Аллаһтың мархабатына бөленуге құлшынбай оқылған

намаз шынайылықтың шәрбатын татқызып, құдіреттің

қаһарынан имендіріп, жаманшылықтан тыймауы бек

мүмкін.

Алайда, шынайы намазхандыққа жету оңай емес.

Оған біреу ерте, біреу кешірек қол жеткізіп жатады. На-

маз кейбір үлкенді-кішілі күнәлардан тыймағанымен,

бүкіл жамандықтан тыймайды деуге де болмайды. На-

маз оқып, Аллаһты еске алған мұсылман тым құрыса

(намаздан тыс уақыттарында қанша күнә істесе де) на-

маз оқып тұрған сәтінде күнә істемейді, жамандықтың

іргесін жағаламайды. Аз уақытқа болсын, мешітке

келіп, Аллаһтың бұйрығына бас иіп, маңдайын сәждеге

қояды. Намаз оқып тұрғандағы алған сауабының

молдығы сонша – жүрегі нұрланып, күйзелістен ары-

лып, іштей тыныштыққа бөленеді. Өтпелі дүниенің

өтпелі мүлкінің уайымынан, тіршіліктің таусылмас

тауқыметінен құтылғандай жан рахатына бөленіп, ешбір

құндылықпен салыстыра алмайтын бақытқа қол созады.

Бәлкім, намаз оқыған сәтінде күнәсі үшін өкініп, іштей

егіліп тәубеге келер. Жасаған қателіктерін мойындап,

Аллаһтан кешірім тілеп, һидаят беруін дұға қылар.

Бұл мәселеге қатысты Ибн Масғудтан (р.а.)

риуаят етілген хадис бар: «Бірде әлдебір әйел за-

тын бетінен сүйіп қойып қатты өкінген бір кісі де-

реу Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп жолығады. Осы

кезде Аллаһ тағала

«Күндіздің екі жағында

172

және

172

Таң мен ақшам намазы