117
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
серік қосқан болады»
179
–
деген. Мұнан намазды әдейі
оқымау, оның парыздығын мойындамау имансыздықтың
белгісі екенін білеміз.
Шындығында, намаз – құл мен күпірлікті, жалғыз
Аллаһқа бойсұну мен Аллаһқа серік қосудың арасын
бөліп тұратын шымылдық тәріздес. Намаздың парыз
екенін біле тұра мойындамай, оны жоққа шығарған жан
діннен шығады. Басқа бір риуаятта намаз оқымаған
кісінің Аллаһтың қамқорлығынан, мейірімінен мақұрым
қалатыны айтылған. Хазірет Омар (р.а.) да: «Намаз
оқымаған жанның Исламнан үлесі жоқ»
180
– деп, діннің
нышаны намаз екенін тайға таңба басқандай өсиеттеп
кеткен.
Бұл жағдайға сай Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) Аллаһ
елшісінің (с.а.с.): «Намазсыз пенденің діні жоқ»
181
–
деп намазсыздықты дінсіздікпен теңегенін жеткізген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз оқымағанның иманы,
дәрет алмағанның намазы дұрыс болмайды» – деген.
Сондықтан, Аллаһқа иман еткен құл намаз оқиды. Ал
иманы бола тұра намазды жалқауланып оқымаса, оның
пасық яғни күнәһар болғаны. Кәпір болып саналмай-
ды. Өйткені, ол намаздың парыздығын мойындап тұр.
Бірақ, жалқаулығы жар бермей жүр. Ендеше, намазға
ниеттену, намаз оқуға тырысу, намаз оқу секілді амал-
дар – имандылықтың белгісі. «Намазды бастап алып,
тастап кетсем қайтемін?» – деген негізсіз қорқынышпен
ғибадатты орындамау шайтанға алданғандық. Ақи-
қатында ізгі амал иманды арттырады.
179
Муслим 82; Ибн Мажә 1078.
180
Муатта, Муснад 225.
181
Табарани, Мұғжамул – уасит.