113
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
Бір мұсылман әр намазға жарты сағатын бөлсе,
күніне екі жарым сағатын намазға арнайды екен. Осы
екі жарым сағаттың тым құрыса, екі жарым минутында
намазға тұрып, Аллаһпен шынайы түрде көркем сұхбат
жасау бақыты бұйырса, бұл уақыт ақыретте жаннаттың
есігін ашып, азғантай садақаға берген екі жарым
сағаты, күллі өмірді ойланбай-ақ айырбастауға болатын
жұмақтың кілтіне айналуы мүмкін.
«Шын мәнінде, біз
игілік істегендердің сауабын зая жібермейміз»
175
– де-
ген Аллаһтың уәдесі хақ. Осыдан мұсылманның амалы
желге ұшпайтынын білеміз. Тіпті, өміріміздегі шынайы
ықыласпен оқылған бір намаз немесе шын көңілден
жалбарына сұралған бір дұға, ақыреттегі тозақ отынан
бізді арашалап қалуы ықтимал. Бірақ, біз оны білмейміз,
біліп-білмеу де аса маңызды емес. Бәрі Аллаһқа аян, ал
Аллаһтың білгені біз үшін жеткілікті.
Намаз – жүрегімізді нұрға, рухымызды шалқытып,
көңілімізді шаттыққа бөлейтін құлшылық, ақыретін
ойламайтын нәпсіқұмарлар мен дүниеқоңыздар,
міндеттелген бес парыздың қадірін білмей, бұл дүниеден
өкінішпен өтуі мүмкін. Ақырет күніне иланатын
мұсылманның Аллаһтан парыз етілген ғибадаттарына
немқұрайлы қарағаны жөн емес.
Кейде қарапайым жұрт намазхан бауырларымызға
«намаз оқысаң да күнә істейсің. Біз сені көріп жүрміз
ғой, жайың белгілі» дегендей кінә тағып жатады. Ауру
қалса да, әдет қалмайдының керін келтірген бұндай на-
шар қылықтардан арылуымыз керек. Мұсылман бауыр-
ларымыз бойындағы көркем мінездерімен өзгелерге үлгі
болуы тиіс. Бірақ жамандық жасайды екенбіз деп, на-
маз бен құлшылығымызды тастауға тағы құқымыз жоқ.
175
Ағраф, 170