Previous Page  114 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 176 Next Page
Page Background

114

Намаз – діннің діңгегі

Өйткені, бұл – біздің мұсылмандық міндетіміз. Әрине,

сабырсыздық пен салғырттықтан туатын қателіктеріміз

өз кезегінде бізді жамандыққа ұрындырмай қоймайды.

Бірақ намаз сауабымызды арттырып отырады. Біз аз

ғана шынайы құлшылығымыздың ақыретте алдымыз-

дан мол жақсылық болып оралатынына сенеміз.

Мешітті жүрегінің «Меккесі» етіп, намаз миғ-

ражының дәмін татқан мұсылман мәңгілік жаннатқа

барады, Аллаһтың разылығына қол жеткізеді. Біз

әрдайым: «Аллаһ құлшылықтың бал шәрбатынан та-

татын сәттерімізді көбейтіп, ізгі істерде бізді табысты

қылсын» – деп тілейміз. Яғни, осы тілегіміз қабыл

болып, намазымыз бізді жамандықтан тыяды. Тым

болмағанда, жоғарыда айтқанымыздай жамандық

істемейміз. Аллаһтың ақ үйіне баланатын мешітте

жақсылық жасамасақ та жаманшылыққа бармай, харам

атаулыдан іргемізді аулақтатамыз. Ғайбат сөйлемейміз,

ұрлыққа бармаймыз. Мұндай мұсылман Аллаһтың

құзырында тұрғанын сезініп дұға жасайды. Басқалар

(намаз оқымайтындар) нәпсісіне еріп, тәкаппарлана,

өркөкіректеніп жүреді. Мұсылман болса, сол сәтте

Аллаһ үшін басын иіп, адамдардың табаны тиген жер-

ге маңдайы мен мұрнын тигізіп, тәкаппарлық сезімнен

арылады. Баршаға Аллаһтың ұлылығын жар салып,

«Аллаһу әкбар» (Аллаһ аса ұлы) деп намазға тұрады.

Пенде әрбір құлшылығы арқылы Аллаһтың құлы

екенін сезінеді. Мұсылман: «Мені Аллаһ жаратты. Ол

маған жан берді. Көргендердің бәрі тамсанар әдемі жүз

берді. Мұсылман қылды. Өзіне шынайы құлшылық

жасайтын құл етті», – деп жаратылуымыздың мәнін

түсініп, Аллаһ тағаланың:

«Мен жындар мен адамдар-