Previous Page  116 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 176 Next Page
Page Background

116

Намаз – діннің діңгегі

тынша «

иәәка набуду уа иәәка нәстаиин

» (Саған ғана

құлшылық қыламын. Тек Сенен ғана жәрдем сұраймын)

– дейді. Тек Аллаһқа ғана құлшылық жасап, Соған ғана

бас иетінін мойындайды.

Намазда «Фатиханы» қайталап оқыған сайын

құлшылықтың маңыздылығы артады. Бәріміздің де

жүрегіміз бар. Сол лүпілдеген жүрек осы нығметті

сезуді, түсінуді қалайды.

Намаз Аллаһ елшісін (с.а.с.) еске түсіріп, ойға

жетелейтінін айта кетуіміз керек. Намазда «

Әшһаду

әлл ләә иләһә илла Аллаһ уа әшһаду әнна Мұхаммадан

расулуллаһ

(Аллаһ бір және Мұхаммед (с.а.с.) оның

елшісі екеніне куәлік етемін)» – деп Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) атын атап, Аллаһтың елшісі екенін паш етеміз.

Демек, намаздағы осындай сансыз іс-әрекеттер мен

оқылып жатқан Құран аяттары пенденің пендешілігін

тыймауы мүмкін емес. Бізге тек осыларды түсініп, на-

маз оқуды үзбесек болғаны.

8. Мұсылман мен кәпірдің белгісі неде?

Иман мен имансыздықты, мұсылман мен кәпірді

айыратын – намаз. Құлдың пейіштік немесе тозақтық

екенін таразылайтын да – намаз. Құран кәрімде:

«Аллаһқа бойұсынған түрде Одан қорқа отырып, намаз-

ды орындаңдар. Әрі серік қосушылардан болмаңдар

178

»

делінген.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл мәселеге байланысты:

«

Пенде мен күпірліктің арасын бөліп тұратын намаз-

дан басқа құлшылық жоқ. Намаздың парыздығын біле

тұра, әдейі, ерегесіп оқымаған адам Аллаһ тағалаға

178

Рум, 31.