118
Намаз – діннің діңгегі
9. Екіжүздіге ең ауыры – намаз ба?
Ақиық елші (с.а.с.) бір хадисінде: «
Аллаһ разылығы
үшін қырық күн бамдат намазын үздіксіз оқыған
жанныңжүрегінен, тілінен даналықтөгіле бастайды
»
182
– деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл мағыналы сөзімен
бізге бамдат намазының ерекшелігін жеткізеді.
Басқа риуаяттарда құптан намазы жайында осы
мағыналас сөздер айтылады. Бірақ, жалпы дінімізде
бамдат намазына көп мән берілген. Себебі, Аллаһтың
құлдарына ең ауыр тиетіні бамдат намазы. Осы уақытта
тәтті ұйқысын бөліп, жылы төсегінен тұрып, дәретін
алу, сосын жамағатпен намаз оқу үшін мешітке бару
кез-келген пендеге оңай соқпасы анық. Осыны орындай
алған құл нәпсісіне, шайтанның азғыруына қарсы тұра
алады.
Мұсылмандар мұндай қиыншылықтарды тек қуатты
иманның арқасында жеңе алады. Бірақ мұнафықтарға
(екіжүзділер) ең ауыр тиетін осы – бамдат нама-
зы. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі бір хадисінде:
«Мұнафықтарға бамдат пен құптан намазынан ауыр
намаз жоқ» –
деген. Және бір хадисінде:
«Егер адам-
дар жамағатқа ерте келудің артықшылығын білсе,
араларында жарыс болатын еді. Құптан мен бамдат
намазын жамағатпен оқудың артықшылығын білсе,
еңбектеп болса да осы екі намазға келер еді»
183
–
де-
ген.
Жамағатпен бамдат намазын оқу – теңдесі жоқ
ғибадат. Әрине, бұл адамға өте ауыр тиюі мүмкін.
Бірақ, «
Биқадри кадди туктасабул меали
» (машақатына
182
Иһия улумиддин, Имам Ғазали, 132б. Тирмизи, хадис
Әнастан (р.а.)
183
Бухари, 116/2.