Previous Page  123 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 176 Next Page
Page Background

123

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

тіпті, өзіне қарсы шыққан құлдарын жер бетінен тып-

типыл етіп, жоқ қылып жіберген емес.

Баршамызды Аллаһ жаратты, барша жаратылыс

Аллаһтың мүлкі. Айналамыздағы барлық жаратылыс,

ырыс-берекелер – Аллаһтың қалағаны. Баршамыз

Аллаһқа қызмет етеміз, жақсы көреміз. Оған деген сый-

құрметімізді құлшылығымызды жасау арқылы таныта

аламыз. Аллаһтың рызық-несібелерін игілігімізге жа-

ратып, Аллаһқа серік қосушы пенделердің қатарынан

болмауға тырысамыз. Аллаһ – біздің жаратушымыз,

рызық берушіміз.

Екіншісі

:

Ұлы Аллаһ тағала намаз оқуымызды

бұйырды.

Шындығында, Аллаһ тағала намаз оқып тұрған

құлына оң көзбен қарайды. Пенде жүзін оңы мен со-

лына бұрмайынша, Аллаһ тағала одан назарын алмай-

ды. Намазға тұрған сәтте дұрыс тұрыңдар. (Денеңізбен,

рухыңызбен, жүрегіңізбен, жан-тәніңізбен тіп-тік бо-

лып тұрыңдар. Оң мен солға жалтақтамаңдар.) Аллаһ

өзіне құлшылық қылған пендесінің амалын берекетсіз

қалдырмайды. Аллаһ нұрлы ілімімен барлық нәрселерді

біліп, естіп тұрады.

Үшіншісі

:

Аллаһ сіздерге ораза ұстауды бұйыр-

ды.

Ораза ұстаған кісі киімінде жұпар иісті мискі

бар адамға ұқсайды. Оның жұпар иісі барлығымызға

жағымды емес пе? Алайда, ораза тұтқан құлдың ау-

зынан шыққан иіс Аллаһтың құзырында жұпар иісті

мисктен де артық.

Төртіншісі

:

Аллаһ сіздерге садақа, зекет беруді

бұйырды

.