125
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
12. Намазды ықыласты түрде қалай
оқу керек?
Аллаһ елшісі (с.а.с.) «
Парыз болған намаздар та-
разы секілді. Кімде-кім парыз намаздарын толық орын-
даса, таразы басы тең. Ал толық орындамағандар оны
кеміткен болады. Таразысының басын тең етпегендер
Аллаһ тағала таразыдан кеміткендер жайлы нендей
жаман хабар айтқанын (намаздан) білсін
»
189
– деп
парыз намазды толық оқыса, ақыретте Аллаһ тағала
сауапты молынан жазатынын, ал, оқымаған жағдайда
өкінішті халде болатынын ескерткен. Басқа бір хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «
Менің үмбетімнен
екі адам тұрып намаз оқиды. Екеуінің рүкүғтары
мен сәжделері бірдей, бірақ екеуінің намазында жер
мен көктей айырмашылық бар
»
190
– деп намазды тек
қимыл-қозғалыспен емес, шынайы ықыласпен орындау
керектігін тілге тиек еткен.
Намазды ықыласпен оқу жайында Баһауддин
Нақшибәндиден бір кісі: «Мүмін намазды қалай
ықыласпен оқи алады?» – деп сұрағанда, ол мына төрт
нәрсені өсиет еткен екен:
1.
Адал ас
2.
Дәретті не үшін алып жатқанын сезіне білу
3.
Алғашқы тәкбір алғанда, өзін Аллаһтың
құзырында тұрғандай сезіну
4.
Намаздан тыс уақытта да намазда тұрғандай
Аллаһты естен шығармау.
1.
Адал ас бойымызға сіңіп, жанымыз бен рухымызға
күш-қуат береді. Өйткені, көптеген ғалымдарға ата-
анасы адал ас бергендіктен олардан көрнекті тұлғалар
189
Ихия Улумид-дин: Китабу Асрарис-саләт 131.
190
Ихия Улумид-дин: Китабу Асрарис-саләт 131.