Previous Page  130 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 176 Next Page
Page Background

130

Намаз – діннің діңгегі

Иман Аллаһтың құзырында басын сәждеге тигізіп,

ықыласпен намаз оқу арқылы күшейеді. Иман астан

тыйылып, ораза ұстау арқылы беки түседі. Шынайы

иман жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыйылу

арқылы толысады. Исламның қанша негіздері бол-

са, осылардың барлығы иманға жан-жақты күш-қуат

береді. Олай болса иман Исламсыз, ал Ислам намазсыз

болуы мүмкін емес.

Иман мен намазды бір-бірінен бөліп қарау ақылға

симайды. Намаз – иманның егізі. Иман – адамның ішкі

рухани жағдайына көбірек қатысты. Алайда осы руха-

ниятты өз деңгейінде ұстап тұру үшін намаз қажет. Сол

секілді дініміздің теориясы – иман болса, ал практика-

сы – намаз. Теориялық ілімнің практикада жұлдызы

жанғанда ғана күшіне енетіні, әлсіремейтіні рас.

Бейнелеп айтар болсақ намаз – күн сайын адам

жаны тазаланатын тәубе өзені іспетті. Аллаһ тағала

алдындағы орасан зор міндет. Жүз жиырма төрт мың

пайғамбардың, тақуалардың, әулие-әмбиелер мен

құлдардың ең маңызды ғибадаты. Ізгілікке бөленген

мұндай жандар намаздың тек парыздарын өтеуді

өздеріне жеткіліксіз санап, жүздеген рәкат нәпіл намаз

өтеулері бізді ойландырса керек. Аллаһ елшісі (с.а.с.)

кейде таң ағарғанға дейін намаз оқитын. Тіпті, кей-

кездері аяқтары күп болып ісініп кететін. Бірде Айша

анамыз (р.а.): «Уа, Расулаллаһ, Аллаһ тағала сізді барша

күнә атаулыдан сақтап еді ғой. Осынша таусыла намаз

оқитыныңыз қалай?»

деп сұрағанда, Пайғамбарымыз

(с.а.с):

«Аллаһқа көп шүкіршілік еткен құл болғым

келеді»

194

,

деп жауап береді.

194

Бухари, Таһажуд, 16, Тирмизи, Саләт, 304.