Previous Page  127 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 176 Next Page
Page Background

127

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

са, басындағы, тіпті құлақтарындағы қателіктеріне

дейін шығады. Ал егер аяқтарын жуса, аяқтарындағы,

тіпті аяқтарының тырнақтарындағы қателіктеріне

дейін шығып кетеді

» – деп айтқан. Демек, дәрет алу

дененің түрлі мүшелерін кірден тазартса, екіншіден сол

дене мүшелерімен істеген күнәлары мен қателіктерінен

тазарып отырады.

Сонымен қатар, намазхан мүмін тәкаппарлық

секілді түрлі жаман мінездерден арылып, Аллаһтың

разылығы үшін кішіпейілділікті жанына жолдас етеді.

Жүрегімен шынайы иман келтіріп, маңдайын сәждеге

тигізеді. Осылайша жүрегіндегі дақтарды өшіріп, арам

пиғылдан арылып, жанын сауықтыруға ұмтылады.

Тіпті, күніне бес мәрте дәрет алып намазға тұру – рух-

ты тазартып, жүректі нұрландырып, адамды Аллаһтың

құзырына жетелейтін қасиетті ғибадат.

3.

Аллаһты ұлықтау, тәкбір. Мұсылман тәкбір

алғанда, Аллаһтың құзырындағы есеп-қисап таразы-

сына тартылардай, ақыреттегі күнәсінің көп болуынан

үрейленіп, бір жағынан Аллаһтың мейірімінен үміт

етіп, күллі алдамшы дүниені ұмытқандай сезімге бой

ұрады. Мұндай мүмін алғашқы тәкбірден бастап, намаз

біткенде де, тіпті одан кейін де сол күйінде қалады.

4.

Намаздан тыс уақытта да намазда тұрғандай

сезімде болу. Иә, рамазан айында бір ай бойы тамақтан

тыйылуға әдеттенгеніміз сонша, ораза біткеннен кейін

де күндіз тамақ жесең күмәнданып, санамызда «ораза

емеспін бе?» деген сауал тұратыны бар. Тап солай

намазға дағдыланған мүмін де, намаздан тыс уақыттарда

намазда тұрғандай сезіммен сөзіне, іс-әрекетіне мән

беріп жүреді. Олай болса намаз үшін ішіп-жеген асы-