128
Намаз – діннің діңгегі
мыз, киген киіміміз, рухани әрі сыртқы тазалығымыз
өте маңызды.
Намазда жүректегі сезімді Аллаһқа бағыттап, Оған
деген шексіз сый-құрметті сезініп, шынайы ықыласпен
тұру әркімнің-ақ қолынан келері хақ.
Хақты еске алып, Оның құзырында тұрғандай
лүпілдеген жүрекпен намаз оқу – шынайы тақуалықтың
бастауы.
Аллаһ тағала құлдарының иманы мен ғибадат-
тарына еш мұқтаж емес. Кіріптарлықтан оларға ғибадат
жасаңдар деп бұйырмайды. Керісінше, біз Хақтың
нұрына мұқтажбыз. Аллаһ тағала пенделерге, яғни
бізге ізгілік жолын нұсқап, екі дүниеде де бақытты
болуымызды, ар-ожданы мен жүрегі таза, достық пен
бауырмашылықты жан-тәнімен сүйетін, игі мінез-
құлықты құл болуымызды қалайды. Көзімізбен көріп
жүрген барша жаратылысты Аллаһ тағала адам баласы
үшін жаратты. Осындай қисапсыз нығметтің қарымын
өтеу үшін Аллаһқа шынайы құл болу, тек тілмен емес,
шынайы амалмен жүзеге асады.
13. «Намаз, иман, ислам» сөздері өзара
қандай байланысты құрайды?
Бірде сахабалардың ортасында отырған ақ киімді
Жәбірейіл (а.с.) періште жолаушы кейпінде келіп
көпшіліктің көзінше:
–
Уа, Мұхаммед, Ислам дегеніміз не? – деп
сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Ислам – Аллаһтан басқа құдайдың жоқ екеніне,
Мұхаммедтің (с.а.с.) Оның құлы әрі елшісі екеніне
куәлік ету. Намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында