Previous Page  132 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 176 Next Page
Page Background

132

Намаз – діннің діңгегі

Күніне бес уақыт намаз оқу Аллаһты бес рет

еске алып отыруды білдіреді. Аллаһ тағала пенденің

дүниелік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін күніне

24 сағат уақыт берген. Бес уақыттық намаз болса, сол 24

сағаттың шамамен тек бір сағатын ғана құрайды. Ал, са-

уабына келсек – мәңгілік жаннат мекені. Шыны керек,

қазір сағат емес, сыныптай сырғыған күндерімізді са-

нап үлгере алмай жүрміз. Демек, көзді ашып-жұмғанша

сусылдап өтіп жатқан өмірде күніне бір сағаттық қана

уақытымызды алатын намазды көпсіну орынсыз іс.

Ендеше, Аллаһ нәсіп еткен 24 сағаттың күн сайын бір

сағатын мәңгілік жаннат бағы үшін, ал, қалғанын осы

дүниеге жұмсау біз үшін игілікті болмақ.

Аллаһ тағала Құран кәрімде:

«Мені еске алу үшін на-

маз оқы!»

197

– деген. Құл қаншалықты Жаратушы иесін

есіне алса, Аллаһ тағала да оны соншалықты мейіріміне

бөлемек. Құран кәрімде:

«Мені еске алыңдар, Мен де

сендерді еске алайын»

198

– делінген. Аллаһ тағаланың

құлды еске алуы пендесінің абыройын биіктетіп,

дәрежесін көтергені. Оған үстемелете тіл қатуы Өзінің

қауқарсыз құлына деген айрықша әрі арнайы көңіл

бөлгені болса керек.

Тағы бір құдси хадисте Аллаһ тағала құлдарына:

«Ей, адамзат баласы! Егер Мені іштей еске алсаңдар,

мен де сендерді іштей еске аламын. Егер Мені жамағат

болып еске алсаңдар, мен де сендерді бір топ періштелер

мен одан да ізгі жамағаттың ішінде жария түрде еске

аламын»

199

– деген.

Тағы бір құдси хадисте Аллаһ тағала: «

Мені

кеңшілікте еске алсаңдар, Мен сендерді таршылықта

197

Таһа, 14

198

Бақара, 152

199

Ибн Хиббан, Сахих, 3/92.