137
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
құлдарына қорқынышты екі дүниеде бірдей бермейтіні
секілді қуаныш пен жан тыныштығын да екі дүниеде
қатар бермейді екен. Сондықтан да осы бір жалған
дүниеде әрбір пенде ақыретті ойлап, Аллаһтың жама-
лын аңсап, оның мейірімінен құр қалмайын деп сауап-
ты істер жасап, құлшылық қылып, бес уақыт намазын
қаза қылмай оқып жүрсе, ақыретте жан тыныштығына
кенеледі. Құран кәрімде
«Ақыретте Аллаһтың сүйікті
құлдарына қорқыныш та, қайғы да болмайды»
204
де-
ген. Ал егер Аллаһ тағала мені кешіреді, әр амалыма
ақыретте өзім жауап беремін деп дүниеден алаңсыз
өткен адамда, ақырет күнінде мұндай еркіндік пен өзіне
деген сенімділік бола қоймасы анық.
Қазақта «үмітсіз шайтан» деген сөз бар. Адам
баласының бойында үрей мен үміт қатар жүреді. Он
екі мүшесі түгел, күш-қуаты тасыған жастық кезеңде
мұсылман адамның бойында ақырет қорқынышы ба-
сым болғаны дұрыс, өйткені нәпсі деген көкжал бөрідей
іштен ұлып, адам баласын тура жолдан тайғызып,
қадамын қия бастыруға дайын тұрады. Жастық шақ,
бойда жалын ойнаған албырттық кезеңде адам баласы
дүниенің думанды, өтпелі өмірдің өткінші қызықтарына
қалай алданып қалғанын білмей қалады. Ал, күш-қуаты
семіп, қартайған шағында үміті басым болғаны жөн.
Құран Кәрімде
«Егер шынайы мүмин болсаңдар,
олардан қорықпаңдар, тек Менен ғана қорқыңдар»
205
десе, тағы бір аятта
«Аллаһтың құзырына күнәмен
барудан қорқып, нәпсісін тыйғандардың барар жері
жаннат болады»
206
делінген. Яғни күнәм көп, ізгі
204
Бақара, 112.
205
Әли Имран, 175
206
Назият, 40.