Previous Page  140 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 176 Next Page
Page Background

140

Намаз – діннің діңгегі

ласып алайын, намазды сосын көрермін», жұмысқа

тұрғаннан кейін «балаларымды жетілдірейін, намазды

кейін оқимын», одан кейін «зейнеткерлікке шығайын,

намаз ешқайда қашпас» деп жүріп өмірлерінің қалай

өтіп кеткенін аңдамай қалып жатқаны жасырын емес.

Беймезгіл келген ажалдың құрығына ілініп бақилық

болғанды да, намазға тұруға әл-ауқаты жетпей қартайып

қайғы ойлаған шақта өткен іске өкініп, өкініштен

көкірегі қарс айырылып жатқанды да көз көріп, құлақ

естіп жүр. «Ажал айтып келмейді» деген тәмсіл де тегін

айтылмаса керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:

«

Аллаһ тағала алпыс жыл ғұмыр берген құлының ешбір

сылтауына құлақ аспайды

»

211

– дейді. Яғни пайғамбар

жасына келгенше құлшылық жасамай қайтыс болған

адамның «тағы да біраз өмір сүрсем, құлшылық жа-

сар едім» деген сылтауы қабылданбайды. Өйткені оған

мүмкіншілік берілді. Сол секілді біреуге алпыс, біреуге

қырық, біреуге одан да аз ғұмыр нәсіп болып жатады.

Бірақ Құран Кәрімде

«Егер оларға ажал келсе, оны бір

сағат алға да, артқа да жылжыта алмайды»

212

деп

өлімнің уақыты Аллаһ алдында белгілі екені және ол

келгенде ешкім де оны тоқтата алмайтыны айтылған.

Иә, жалындаған жастық шақ бізді намазға ғашық

етуі тиіс. Жас күнімізде күш пен қайраттың көп бо-

латынан ескерсек, намаз оқуға да оңай келмей ме?

Ерте ме, кеш пе тізе қақсап, балтыр сыздап, отырсақ

тұра алмайтын, тұрсақ отыра алмайтын қарттық келіп

жағадан жармасқанда, ажардан нұр, базардан құның

кетіп қаусаған қария болған шағыңда намаз оқымақ

түгілі отырып-тұруың мұң болар. Сол кезде «Әттең,

211

Бухари, Риқақ 5

212

Юнус, 49.