Previous Page  143 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 176 Next Page
Page Background

143

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

қарай барлық ісіңізді ғибадатқа айналдыруға болады.

Дегенмен ақыретте алғаш сұралатын намазды оқып,

адал еңбекпен нан тауып мамыражай тірлік кешкенге

не жетсін?!

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ

елшісі (с.а.с.):

«Қиямет күні Аллаһтың алдына дүние

тіршілігінде ірі тұлға болған еңгезердей бір алып

денелі адам келеді. Алайда оның Аллаһтың алдында

шыбынның қанатындай да (яғни қаңбақ құрлы) салмағы

болмайды

»

213

– деген. Өйткені дүниеде қанша бай бо-

лып, адамдар алдында беделді көрінсе де, ақырет қамын

ойлап, Аллаһты күніне бес мәрте есіне алмағаны үшін

ақыретте еш бағасы болмайды екен.

«Намаз бір оқып қоя салатын нәрсе емес, күн

сайын оқи бергеннен жалығып кетпейміз бе?»

Кейде нәпсіміз бізге намаздың күн сайын оқылуын

ауыр көрсетуі мүмкін. Ойланып көрейікші, күн сайын

тамақ жейміз, су ішеміз, ұйықтаймыз. Бұдан жалықтым

деген пендені көрдіңіз бе? Әрине, жоқ. Өйткені біз

тәндік қажеттіліктерімізді өтейміз. Ал, рух қажеттілігін

қайтіп өтейміз? Демек намаз да қажет. Тіпті адамға ең

бірінші керегі осы намаз. Өйткені біз ерте ме, кеш пе

бұл өмірдің түгесілетін нәрселерінен гөрі, ақыреттегі

мәңгі қажеттіліктердің одан да қымбаттырақ екенін

жақсы білеміз. Денеміздің азығы уақытша, рухымыздың

азығы мәңгілік, дүние азығы уақытша, ақырет азығы

мәңгілік екені бесенеден белгілі.

Мысалы, біздің ауруы-

мызды білген дәрігер «Мына дәріні күн сайын бес рет

қабылдауың керек» деп талап қойса, әрі бұл дәрілердің

біз үшін өте маңызды екенін қайта-қайта шегелеп айтса,

213

Бухари 18/6