Previous Page  149 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 176 Next Page
Page Background

149

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

Нәтижесінде бұл біздің намазымызды қаза етуімізге

алып келеді. Сондықтан Ислам ғылымхалдарын оқып,

арнайы жағдайларда берілетін жеңілдіктермен танысып

алғанымыз абзал. Намазға ерекше көңіл бөлген адам

бұл айтылғандарды тауып алып оқып, ойға түйіп алары

анық.

«Жұмыс бабымен жолда көп жүремін. Мұндай

жағдайда не істеу керек?»

Жолаушылықтың да өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер көлік өзіңіздікі болса, намаз уақытында тоқтап

оқып алуға мүмкіндік бар. Ал қоғамдық көлікте болса,

алдын-ала дайындалу керек. Ол үшін:

Жолда неше сағат боласыз? Қай уақыттарда жолға

шығу керек? Намаз уақытында жолда болмау үшін сағат

нешеде шығу керек? Осыларды алдын ала ескеріп,

намазыңызға да уақыт тауып, баратын жеріңізге де

оңай жетіп алуыңызға болады. Алғашқы мұсылмандар

күнделікті істерін намаз уақыттарымен белгілейтін.

Жолығатын болса «бесін намазынан кейін», «таң нама-

зына дейін» деп шаруаларын намаз уақыттарына қарай

белгілейтін. Сондықтан қазір де намаз уақыттарымен

белгілесек, намаздарымыз қаза болмасы анық.

Кейде жол жүру уақыты бірнеше сағатқа немесе

бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ондай кездері де на-

мазды қаза етпей, шама келсе құбылаға қарай, көлікте

оқу керек. Әрине, мұндай кездері дініміз жеңілдіктерді

де қарастырған. Мысалы, автобуста болсаңыз, көлік

тоқтағанша намаз уақытында өз орныңызда отырып

ишаратпен оқи бересіз. Яғни рүкүғта сәл иіліп, сәждеде

одан да төменірек иілесіз. Өйткені мына бір аят осыны

меңзеуде:

«Намаздарға сондай-ақ ортаңғы намазға

сақтықпен қараңдар. Аллаһқа бой ұсынған түрде