153
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
болғаны күмәнсіз. Аллаһ оны күнә атаулыдан Өзі
қорғаған. Сол пәк пайғамбар (с.а.с.) бәрімізден артық
намаз оқитын. Намаз құлдың Жаратқан Иесіне деген
шүкіршілігінің белгісі деп білетін Аллаһ елшісі (с.а.с.)
кей күндері таң ағарғанға дейін түнімен намаз оқитын.
Тіпті аяқтары ісініп кететін. Бұны көрген Айша ана-
мыз (р.а.): «Уа, Расулаллаһ (с.а.с.)! Аллаһ тағала сізді
барша күнә атаулыдан сақтамап па еді, осынша тау-
сыла намаз оқығаныңыз қалай?»
–
деп сұраған кезде
Пайғамбарымыз (с,а.с.):
«Аллаһқа көп шүкіршілік еткен
құл болмаймын ба?»
219
–
деп шүкіршіліктің асыл мәнін
ашып берген болатын.
Әбу Хұрайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жұмаққа жүректері құстың
жүрегіне ұқсас адамдар кіреді»
деген. Ғалымдардың ай-
туынша, олардың жүректері бейне бір құстың жүрегіндей
дір-дір етіп, Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарына
аса сақтықпен қараған әрі әрдайым Аллаһқа тәуекел
еткен жандар. Әрине, мұндай құлдардың намаз оқымай,
тек жүрек қорқынышымен жүруін айту мүмкін емес.
Абдуррахман ибн Сахрдан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ
елшісі (с.а.с.):
«Шын мәнінде, Аллаһ тағала сендердің
сыртқы дене-бітімдеріңе, түр-тұрпаттарыңа емес,
жүректерің мен амалдарыңа қарайды. (Соған қарап
сауапқа бөлейді
)» – деген. Бұл хадисте жүрекпен
бірге амалдың қатар тұруы да тегін емес. Құранның
көптеген жерінде «иман етіп, амал қылғандар» деп жиі
айтады. Өйткені иман ету деген сөз Исламның барлық
бұйрықтарын орындаймын деген сөз. Демек, жүректің
219
Бухари, Таһажуд, 16, Тирмизи, Салат, 304