Previous Page  148 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 176 Next Page
Page Background

148

Намаз – діннің діңгегі

Егер қызметіңіз әскери болып, мүлде намазға

рұқсат берілмесе, намаздардың тек парыздарын оқып,

дәреттің де тек парыздарын ала аласыз. Аллаһ елшісі

(с.а.с.) соғыс уақытында да жеке тіпті кейде намазды

жамағатпен оқытқан. Айналып келгенде бәрі өзімізге

байланысты.

«Қазір Отан алдындағы азаматтық

борышымды өтеудемін. Намазымды уақытша

тоқтата тұрып, кейін елге қайтқаннан кейін

қайта жалғастыруыма бола ма?»

Рас, әскери өмір үлкен жауапкершіліктен тұратын

кезең. Өмір бойы бес уақыт намазын тастамаған адам

әскерге барып намазын ақсатып алып жатады. Кейбірі

әскерде болғанда «намазымды үзе тұрайын, кейін

қайта бастармын» деп ойлауы да мүмкін, бірақ оның

елге оралғанға дейін өмір сүруіне ешкім де кепілдік

бере алмайды. Сондықтан Аллаһқа деген шынайы

сүйіспеншілікті негізге ала отырып мұның да шешімін

табуға болады. Бірен-саран адамдардың дінге деген

көзқарастарын санамағанда, әскерде намаз оқуға тиым

салынбайтыны анық. Оның үстіне жаңа ортаға барғанда

жастарда «айналамдағылар мені қалай қабылдар екен?»

деген ой болады. Бұның соңы көп ретте намазды та-

стап кетуге әкеліп соғады. Бұл кімнің де болсын басына

түссе үлкен қайғы екені рас. Ең бастысы, намазға деген

махаббат керек. Сіз әскерде жүрсіз бе, үйде жүрсіз бе,

айналып келгенде Аллаһтың алдында жүрсіз. Осыны

естен шығармаған жөн. Ерте ме, кеш пе баратын жеріміз

де Аллаһтың құзыры.

Өкінішке орай, көбіміз нәжіс болмаса топыраққа на-

маз оқи беруге болатынын, киіміміздегі шаңның намазға

кедергі болмайтыны сияқты нәрселерді білмей жатамыз.