Previous Page  141 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 176 Next Page
Page Background

141

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

намазымды жас кезімде, денсаулығым бар кезде ба-

стауым керек еді» деп сан соққаннан келіп-кетер пайда

болмас. Сондықтан осындай күш-қуатқа толы жастық

шағымызды тағылымға толы, мәнді де сәнді етіп,

құлшылықпен өткізген жөн.

«Рас, намаз оқу керек екенін білемін, бірақ,

шынымды айтсам, менің уақытым жоқ»

Ең сорақысы, кейбір адамдардың Аллаһтың

құзырына шығып, көркем сұхбат құруға деген

«уақыттарының жоқтығы». Дүниелік қызықтар мен

ұшы-қиыры жоқ бітпейтін бос тірліктерге уақыт

табылғанда, күллі жаратылыстың Иесіне он бес минут

уақытын қия алмау қандай өкінішті! Аллаһ тағала бізге

тегіннен тегін жиырма төрт сағатты беріп, «осы жиырма

төрт сағаттың бірін маған бер, есесіне мен саған жұмақ

дейтін мәңгілікке тұрақтайтын ғажайып мекеннен орын

сыйлаймын» деуде. Ал біз ақымақтықпен орынсыз

сараңдық танытудамыз.

Мына бір мысалды тілге тиек етейік; бізге бір адам

күнделікті жұмсауымыз үшін белгілі бір мөлшерде

ақша беріп отырса, және осы ақшаны ол адамнан күн

сайын өзіміз барып алып тұрсақ, онымен кездесуге

уақыт жоқ деп айта аламыз ба? Құлға тіл бітірген бір

уыс алтын сықылды, жоғыңды өтеп беретін осы бір

қағаз байлықты күнде барып алып кетуге уақытым

жоқ десеңіз, айналаңыздағы жұрттың не ойлайты-

нын кім білсін? Олай болса, Аллаһ тағала бізге күндік

тыныс алуымыз үшін ауаны, күллі ғаламшарларға

нұрын шашқан алып күнді, тіршілік кешуіміз үшін

алып сарайдай түрлі кереметтерге толы жұмыр жерді,

түрлі қажетімізді өтейтін сыйын табақпен тартқандай