Previous Page  136 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 176 Next Page
Page Background

136

Намаз – діннің діңгегі

шын ниетімен тәубесіне келсе, сонымен қатар ендігәрі

күнә атаулының шалшығына аяғын аттап баспаса, онда

құдай қаласа тәубесі қабыл болып, кешірімге ие бо-

лар.

Иә, Раббымыздың ерекше 99 есімдерінің ішінде

Мейірімді, Кешірімді деген есімдері бар екені жалпақ

жұртқа аян. (Мейірімі мен шапағаты мол Аллаһ тағала

тек Өзіне серік қосқанды кешірмейді.) Бір құдси хади-

сте Аллаһ тағала «

Менің мейірімім ашуымнан басым

түседі

»

203

дегені бар. Тіпті өмір бойы күнәдан көз аш-

пай келіп соңында терең тәубе еткен құлға, Аллаһтың

мейірімі түссе, оған жұмақ нәсіп етуі ғажап емес.

Және де өмір бойы ақ жолдан айнымай ар сақтап кел-

ген адамдардың бір-ақ күнде «менен басқа жұмаққа

кім лайық» деген сайтани ойға тап болып, ақырында

дүниеден тәубесіз көз жұмып, ақыретін тозақта

жалғастырмасына кім кепіл?

Ендеше, ешкім де Аллаһтан кешірілетіні жай-

лы уәде алған жоқ. Рақымды Аллаһ мейірімін төгіп,

кешірім қылар деген алабөтен ойдан аулақ болып,

оның кешіріміне ие болу жолында жан-тәнімізбен шы-

найы түрде құлшылық етуіміз керек. Дүниеде алшаң

басып масайраған жанның ақыретте жаны қысылып

қатты қорқатыны, ал дүниеде қорыққанның ақыретте

қатты қорқынышқа берілмейтінін ойға алайық. Бір

құдси хадисте Аллаһ тағала «

Мен бір құлыма екі

қорқынышты бірдей бермейтінім секілді, екі жан

тыныштығын да қатар бермеймін

» – деген. Жұмыр

басты пенде бұл дүниеде қорықпаса, көзі шарадай

болып ақыретте қорқатыны хақ. Жаббар иеміз өзінің

203

Насай, Сунану Кубра 7758